15 жасында жүкті болып қалған Қызылорда тұрғыны түсік жасатамын деп сәби сүйе алмай жүр

Қызылорда тұрғыны Алмагүл 15 жасында жүкті болып қалған. Ол жасырын түрде түсік жасатып, салдарынан денсаулығына байланысты қиындықтар пайда бола бастаған. Ал ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы жылдары елімізде аборт жасататындар саны аз емес.

15 жасында жүкті болып қалған Қызылорда тұрғыны түсік жасатамын деп сәби сүйе алмай жүр

Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

29 жастағы Алмагүл  тұрмыс құрған. Алайда ол әлі күнге дейін сәби сүйе алмай жүр. Ол 15 жасында жасырын түрде аборт жасатқанын мойындады. Содан бері денсаулығында қиындықтар пайда болыпты.

«Таныстарым бір дәрігерге баруға кеңес берді. Мен оның көмегіне жүгініп, қолымда бар ақшамның бәрін бердім. Ол еш ойланбастан баланы алып тастады. Содан кейін тұрмысқа шықтым. Алайда сәбилі бола алмай жүрмін. Күн сайын күйеуіммен ұрысамыз. Ол жанжал шығарып, менің бедеу екенімді айтады. Мұның бәрі сол аборт үшін. Сол кезде маған дәрігерлер түсіктің салдары туралы айтпады, аборт жасатпауға көндірген жоқ», – дейді қызылордалық әйел.

Еске сала кетсек, 24 қарашада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 16 жастан бастап қыздарға ата-аналарының келісімінсіз жүктілікті тоқтатуға рұқсат беруді ұсынды. Бұл ұсыныс қоғам талқысына түсіп, жатқағандар да, сынағандар да табылды.

Профессор Толшын Үкібасованың сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігінің 16 жастан бастап ата-анасының келісімінсіз аборт жасатуға рұқсат беру туралы бастамасына медицина қызметкерлері қарсы шығып отыр. Оған – жауапкерлішікті өзгеге аудару мен денсаулыққа әсер ететін салдары себеп көрінеді. Профессордың пікірінше, қоғам мұндай өзгеріске дайын емес.

«Біздің елімізде аборттан кейінгі бедеулік мәселесі өршіп тұр. Өкінішке орай, біздің елде отбасын жоспарлаудың контрацепция емес, аборт түріндегі әдісі басым. Сондықтан бұл тұрғыдан қарағанда, жасөспірім қыздарға жүктілікті үзу туралы өздігінен шешім қабылдауға рұқсат беруге дайын емеспіз», – дейді Астана қалалық Ана мен бала ғылыми орталығының профессоры Толшын Үкібасова.

Ресми мәлімет бойынша, қазақстандық жастардың 70 пайызы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі. Соның салдарынан елімізде аборт жасататындар саны көп. Тек 2016 жылы жасөспірімдер арасында 5 626 жүктілік жағдайы тіркеліпті. Оның әрбір төртіншісі түсік жасатумен аяқталған.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрінің сөзінше, осы жағдайға байналысты жүктіліктің салдарымен күресуге қатысты емес, оның алдын алу жұмыстары жүргізілуі тиіс.

«Өкінішке орай, кәмелет жасқа толмағандар арасында қалаусыз жүктілік жағдайы артқаны байқалады. Маманға жүгіну, кеңесу, жүктілікті болдырмайтын құралдарды қолдану туралы кеңес алу арқылы оған жол бермеуге болады», – дейді Ләззат Ақтаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар