Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жасында жүкті болған туған қыздарын, шымкенттік ата-ана үйге кіргізбей қойды

Оңтүстік Қазақстан облысында жас қыздардың аяғын шалыс басып, туған нәрестесін далаға тастап кеткен жағдай тіркелмеген. Дегенмен, 14 жастағы екі бойжеткен зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, еріксіз ерте жыныстық қатынасқа түскені белгілі болды. Соның салдырынан кәмелеттік жасқа толмағандар психологиялық күйзеліске ұшырапты.

1442569302_17

Бұл туралы Отырар жаңалықтары хабарлайды.

Мамандар оларға дер кезінде көмек көрсетіп, суицидтің алдын алдық деп отыр.

Өзін Динамын деп таныстырған бойжеткен 15 жасында жүкті болған. Ойнап жүріп от басқан жеткіншектің ата-анасы перзентінің қателігін кешіре алмай, үйінен қуып жіберіпті. Қазір ол Шымкент қаласындағы аналар үйін паналап жүр. Қолында 1 жасар ұлы бар. Тағдырдың тәлкегіне ұшырағаны үшін Дина ешкімді кінәламайды. Керісінше, туған ұлын бауырына басып, кез-келген қиындықты жеңетіне сенімді.

Кәмелет жасына жетпей ана атанса да, Дина безбүйрек аналар сынды туған баласын далада тастағысы келмейді. Өкінішке орай, елімізде жыл басынан бері жаңа туған нәрестелерді жолда тастап кетудің 4 оқиғасы тіркелген. Ең сорақысы, көкек аналар бауыр еті баласын қыстың суық күнінде далаға лақтырған.

Қазір елді дүрліктірген Жамбыл облысындағы оқиға байланысты тергеу басталды. Соңғы ақпар бойынша, жантүршігерлік жағдайға байланысты 12 адам жауапқа тартылуда.

Ал Оңтүстікте жыл басынан бері аяғын шалыс басып, бауыр еті баласынан бас тартқан аналарға қатысты жағдай тіркелмеген. Дегенмен, дәрігерлер жүкті болған 16 жасар жеткіншекті тіркеуге алыпты. Сондай-ақ, зорлық көрген 14 жастағы екі жасөспірімге психологиялық көмек көрсетіліп, өзіне өзі қол жұмсаудың алды алынды.

Талқылау