Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бозбала 15 жасында-ақ Талдықорғанның ең жас құрметті тұрғыны атанған

Мадияр Мамырбеков өз өмірін тәуекелге тіге отырып, Қаратал өзеніне батып бара жатқан екі бүлдіршінді құтқарып қалды. Қаланың батыр жігіті жайлы “Желтая газета” басылымы жазады.

IMG_5313-777x437

Фото: Желтая газета

2013 жылдың сәуір айында Мадияр сиыр айдап келуге бара жатып, көпір астындағы өзенде ағып бара жатқан екі бүлдіршінді байқап қалады. Ол сол бойда суық өзенге 10 метр биіктіктен секіре кетіп, екі баланы аман алып шығады. Тіпті, дем жетпей қалған біреуіне жасанды дем берген. Өзінің айтуынша, Мадияр балаларды құтқару керек дегеннен өзге ешнәрсе ойламаған. Өзінің қорқынышқа бой алдырмағанын да айтады. Ол бұл жайлы анасына тіс жармаған екен. Кейін оның ерлігі жайлы соңғы қоңырау кезінде айтқанда анасының көңілі босап, өзін нашар сезінген.

Журналистер 3 жылдан кейін батыр жігітті тауып алып, онымен саябақта кездеспек болады. Қазір Мадияр жүк тасушы болып қызмет етеді. Өзі пәтер жалдап тұрады. Оның ата-анасы да үш баласымен пәтер жалдап күнелтеді. Екі әпкесі де  пәтер жалдап тұрып жатыр.

Мадияр өзі жайлы айтқанды ұнатпайтын көрінеді. Көңіл қосып жүрген қызының да жоқ екенін айтады. Оның ерлігі жайлы және 15 жасында-ақ қаланың құрметті азаматы атанғанын жұмыста бірге істейтіндер білмейді екен.

-Сен жоғары біліп алып, өміріңді басқа арнаға өзгерткің келе ме? – деп сұрады журналист.

-Оның маған не керегі бар. Менің қазіргі өміріме де көңілім толады, – дейді жігіт.

-Сен мықтысың, батылсың, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беруден аянбайсын. Неге саған полицей не өрт сөндіруші қызметкері болмасқа?

-Егер қажет болса, адамдарға көмектесем, бірақ полицей не өрт сөндіруші болу жайлы ойланып көрмеппін, – дейді Мадияр.

-Сен қазір отбасыңнан бөлек тұрып жатырсың. Оларға көмектесіп тұрасың ба?

-Әрине, жер үй болған соң, үй шаруасында атқаратын жұмыс жетерлік. Бау-бақшадағы жұмыстарға, үй шаруасына көмектесем. Ақшалай да беріп тұрам.

-Сен бақыттысың ба?

-Иә, мен бақытты жанмын. Өйткені, денім сау, жалдамалы болса да әйтеуір басымда баспанам бар. Өзіме ұнайтын жұмысым да бар.

47A4A44C-A9B0-405B-988B-EB32C70413FB_w610_r0_s

Жіберіп алмаңыз:

20 жастағы талдықорғандық студент суға батқан баланы құтқарамын деп көз жұмды (фото)

Атырауда полицейлер Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

Қарағандыда 9 жасар қыз осымен үшінші бүлдіршінді өлімнен құтқарып қалған

Талқылау