Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жастағы ресейлік қыз екінші рет ана атанды

Ресейдің Свердловск облысының Богданович қаласында 15 жастағы Наталья баспана мәселесін шеше алар емес. Жастығына қарамастан ол екі баланың анасы. Сондықтан заң бойынша оған 450 мың рубль берілуі керек. Алайда, Наталья оны тек кәмілет жасына толған соң ғана пайдалана алады.

22dd1b9d739abcdb61fa816924bef137__1920x

Сурет: life.ru

Натальяның үлкен ұлы Артем 1 жарым жастан асқан. Оның әкесімен Наталья әлеуметтік желі арқылы танысқан. Жігіт онымен бірінші болып танысып, оны кездесуге шақырған. Бір апта өткен соң олар бірге тұра бастайды. Сөйтіп жүрегенде Наталья жүкті болып, босанар кезде дәрігерлер бұл туралы полицейлерге хабарлаған. Баланың әкесі қамауға алынған.

«Перзентханада жатқанда Сашамен таныстым. Ол вахталық жұмыс істейтін. Біз онымен хат жазысып тұрдық. Ол менен суретімді жіберуімді сұрады. Мен жүкті кезімдегі суретімді жібердім. Ол менің жасымды сұрап, таң қалды. Кейіннен маған келетінін, көмектесетінін айтты», – деп еске алады Наталья.

Александр шынында да перзентханаға келіп, нәрестеге жөргектер алып келген. Олар отбасы болуды жоспарлап, біраз уақыттан соң балалы болуды қалаған. Алайда, олардың жоспары ерте орындалып, Наталья екінші рет жүкті болып қалған. Қыз Александрдың бостандықта қалуын сұрағанымен олардың қызы өмірге келгеннен кейін Александр 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Наталья екі баласын да Александрдың атына жаздырған.

Әкесі жазасын өтегенше жас ана кешкілік мектептің 9-сыныбында оқып жатыр.

Өткен жылы Наталья балалар мен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету орталығында тұрған. Ол жердегілер балалардың құжатын рәсімдеп еруге көмектескен. Ал, қазір ол кәмілеттік жасқа толғанша пәтер жалдап тұрмақ.

«Мен қазір 453 мың рубль ақша алдым. Бірақ оны 18 жасқа толғанша пайдалана алмаймын. Бұл ақша маған баспана алуға керек», – дейді Наталья.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да жыл басынан бері 100-ге жуық оқушы жүкті болып қалған

Биыл Атырауда 27 мектеп оқушысы жүкті болып қалған

Талқылау