Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жастағы алматылық бозбала World of Tanks ойынында автокөлік ұтып алды

Алматыда World of Tanks бойынша Орталық Азия Лигасы финалының жеңімпаздары анықталды.

15 жастағы алматылық бозбала World of Tanks ойынында автокөлік ұтып алды

Бірінші орын алған  ZERO’ONE.RUN Қазақстан командасына 5 млн теңге беріледі. Екінші орын алған PUSH (Қазақстан) командасына- 2 млн теңге, үшінші орын алған Asian Empire (Қазақстан) ұтысы 1 млн теңге,  4 орын алған Cheaters (Қырғызстан) командасы – 350 тыс теңге иеленді.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы колледжінің студенті Халит Мырзажанов автомобильді (жеке есебінде айқаста 2750 ұпай жинаған) иеленді. Ол желтоқсанда ғана 16 жасқа толады.

World of Tanks бойынша қазіргі әлем чемпионы Na’ Vi командасының менеждері  Дмитрий Репиннің айтуынша, Орталық Азия ойыншыларының команда ішінде бір-бірімен қарым-қатынастары өте жақсы екен.

 

Талқылау