Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 тілді білетін ресейлік бала Қазақстан әнұранын айтып берді (видео)

Ресейлік «Лучше всех» бағдарламасында қонақта болған Антон Вакулено 22 тілде ән айтып, көптеген елдердің әнұранын біледі екен. Олардың ішінде Франция мен Қазақстанның әнұрандарын орындаған баланың өнеріне бағдарлама жүргізушісі Максим Галкин таң қалғанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Антонның айтуынша, ол шет тілдерді ерте жасынан бастап меңгерген. Алғашқы болып фин тілін жаттаған Антонға бала күтушісі көмектескен. Ал келесі ағылшын тілін де сөздер жазылған карточкалар арқылы үйренген екен. Қазіргі таңда 15 тілді біледі. Жас талант швед және қытай тілдерінде еркін сөйлейді, ал оның ең сүйікті болып испан, түрік және белеорус тілдері табылады.

Сонымен қатар, Антон Вакуленко болашақта әнші болып, сахнада ән айтқысы келетінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау