Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 тамызға арналған Олимпиада кестесі

 

Бүгін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың 7 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды BNews.kz.

 

рио

Келесі жарыс күнін жеке каноэде 1000 метрге жекелей есуде іріктеуге қатысатын ескекші Тимур Хайдаров  бастайды. Сағат 18:31-де Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева байдаркада 500 метрге жұптасып есудің іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

Сағат 18:45-де байдаркада 200 метрге жекелей есу сайысында Инна Клинова бақ сынайды. Сондай-ақ байдаркада 1000 метр қашықтыққа жекелей есу сайысына Илья Голендов қатысады.

Сағат 18:30-да А тобында ерлер арасындағы үш қарғып секірудің біліктілік кезеңінде Роман Валиев жарыс жолына шығады.

Сағат 19:00-де жеңіл атлет Виктория Зябкина 200 метрге алғашқы кезеңнің алтыншы жүгіруінде, сағат 19:18-де Ольга Сафронова тоғызыншы жүгіруінде жартылай финалға шығуға күш салады.

Велошабандоз Артем Захаров түнгі сағат 1:00-де және 2:23-те жарыс жолына шығады.

Сағат 19:48-де 1/8 финалда Нұрмахан Тінәлиев (130 кг дейін) неміс Эдуард Поппен белдеседі.

Апалы-сіңлі Екатерина және Александра Немич синхронды жүзуден өздерінің техникалық бағдарламаларын жұрт назарына ұсынады.

Сағат 20:30-да 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Олжас Сәттібаев әзербайжандық Эльвин Рауф оғлы Мамишзадемен 1/8 финалда кездеседі.

Жеңіл атлет Дмитрий Коблов сағат 20:49-да кедергілермен төрт жүз метрге жүгіреді.

Сағат 22:00-де Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) жартылай финалға шығу үшін әзербайжандық Камран Шахсуварлымен жұдырықтасады.

Боксшы Данияр Елеусінов (69 кг дейін) сағат 3:30-да жартылай финалда франциялық Сулейман Сиссокомен кім мықтыны анықтайды. Сағат 4:15-те қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко Олимпиада чемпионы атағын сарапқа салмақ.

Сағат 4:00-де ауыр атлетикадан 105 келіге дейінгі салмақта ерлер арасындағы жарыстар өтеді. Онда біздің Александр Зайчиков өнер көрсетеді.

Сағат 5:30-да Мария Телушкина А тобында диск лақтырудан сайысқа түседі.

Сағат 7:10-да жеңіл атлет Александра Романова кедергімен 400 метрге жүгіреді.

 

Талқылау