Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жастағы қарағандылық қыз алаяқ-альфонстың құрбаны болды

26 жастағы альфонс 14 жастағы қарағандылық қызды алдап соққан. Жас қыздың бар назарын өзіне аудартып, оның алтын әшекей бұйымдарын алып алған. Бұл туралы кәмілет жасына толмағандардың ісін қарайтын облыстық мамандандырылған аудан аралық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

ыыы

Бөтен ниетті жігіт қызбен интернет арқылы танысқан. “ВКонтакте” желісіндегі хат алмасудан соң жас жігіт пен қыз бірнеше мәрте кездескен.

“Біраз уақыттан соң Ф. өтініш айтып К-дан жұмыстан шықтым деп көмек сұраған. Қыз да жігітіне қатты көмектескісі келеді. Алайда жұмыс істеп ақша таппағандықтан, оған алтын алқасын беріп, ломбардқа өткізіп ақша ал деген. Алайда жігітке бұл ақша да аздық етіп, кейін тағы көмек сұрайды. Бұл жолы әжесінен азық-түлік сұрап алып, жігіттің қолына ұстатқан”, – делінген хабарламада.

Бірнеше рет уәде бергеніне қарамастан, алаяқ қызға ақшаны да, алтынды да қайтармаған. Кейінірек ол ҚР ҚК 190 бабы 2 бөлімі (“алаяқтық”) бойынша жауапқа тартылды.

“Тергеу кезінде Ф. өз кінәсін мойындады. Ол көмек сұраған кезде қызға ешқандай зорлық көрсетпегенін, алған ақшасы мен бұйымдарын қайтарып беретінін айтқан. Алайда оны кінәлі деп тапқан сот уәдесін ескере отырып екі жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге үкім шығарды”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Талқылау