14 жасар қыз отбасын құтқару үшін әкесін атып өлтірді

Бреша Медоустың балалық шағы ұрыс-керістің ортасында өтті. Ол үнемі анасының айқайын, әкесінің ұрысын естіп өскен. Ұзақ жылдар бойы әкесі отбасының тыныштығын бұзып, тіпті әйелі мен балаларына қол көтеруге дейін барған.

Бұл туралы HuffPost басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Алайда 14 жасқа толған соң қыз әкесінің қатігездігіне төзбейтінін сезді. Ақырында қолына қару алып, оны атып өлтірді.

Жасөспірім әкесі ұйықтап жатқанда оның басынан атқан. Ақырында ер адам қайтыс болды. Аға-әпкелерінің айтуынша, әкелері оларға үнемі қоқан-лоққы көрсетіп, атып өлтіремін деп қорқытқан. Талай мәрте соққыға жығып, балағаттаған.

Анасы Брэнди қызын қаһарман санайтынын айтты.

“Ол мені талай рет балаларымның көзінше сабады. Қызым бәрімізді құтқарып қалды”, – дейді әйел.

Огайго прокурорлары Брешаны айыпты деп танып, оны ересек адамдарша соттамақ болды. БАҚ өкілдері араласпағанда, қыз өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Ақырында Бреша бұл қылмысты алдын ала жоспарламағанын мойындады. Өткен жылдың мамыр айында сот қызға қатысты үкім шығарды: бір жыл кәмілеттік жасқа толмағандар колониясында, алты ай психиатриялық ауруханада және екі жыл сынақ мерзімінен өтуге міндеттелді.

Жуырда 16 жастағы Берша бостандыққа шықты.

“Мұндай өмірге ешбір бала да, ересек адам да лайық емес. Үлкендерден көңілі қалған. Бұлай болмауы тиіс еді”, – дейді қыздың қорғаушысы.

Жіберіп алмаңыз:

Ер адам қате ДНҚ нәтижесінен кейін сүйіктісі мен ұлын тастап кеткен

Аллаху акбар деп айқайлады: Сирияда Ресей ұшағын атып түсіргендердің видеосы жарияланды (видео)

40 жастағы ер адам туған қызына үйленіп, одан бала сүйген

Ер адам әйелінің бүйрегін өзіне білдірместен сатып жіберген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар