Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан әйел: Күйеуім мен екі баламның өмірі қыл үстінде тұрса, күйеуімді таңдар едім

Түркістан облысы тұрғындары Абдолла мен Қанатгүл желіде көпке танылып үлгерді. Өзінен 14 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан келіншек сынның астына қалған еді. Ерлі зайыпты көп алдына шығып, барлық сұраққа жауап берді.

Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасыда айтылды.

Абдолла қазір 27 жаста. Қанатгүлмен желі арқылы танысқан. Біраз уақыт сөйлесіп, жақындарымен танысып, бір шаңырақта тұрып көрген соң үйленетін болып шешкен. Әйелімен сүйіп қосылғанын айтады. Өзінен 14 жас үлкен болғанымен ешқандай қиындық жоқ екенін айтып сендіруге тырысты.

Айтуынша, ол Қанатгүлді екі баласымен алған. Балаларды өз баласындай көреді. Олардың мектеп жиналысына барып, жақын қабылдағанын айтады.

“Жұрт әйелімнің менің басымды оқытып, дуалап алғанын айтып  жатыр. Олай емес. Мен өзім ұнатып үйлендім”, – дейді Абдолла.

Ал, Қанатгүл қазір 42 жаста. Бұған дейін некесіз екі балалы болған. Балаларының әкесі оған үйленуден бас тартып, хабарсыз кеткен.

Бағдарламадағы әйел қауымы ерлі зайыптының бұл әрекетіне қолдау білдірді. Ал, ерлер қауымы қарсылық танытты. Жігіттің махаббат үшін үйленгеніне сенбейтіндерін ашық айтты.

“Бұл қоғамдық дерт. Мына әйелді сүйіп үйлендің деп ойламаймын. Осы арқылы үлкен әйелге үйленуді, әкесіз бала тууды насихаттап жатырсыздар ма? Ер адам өзінен 14 жас үлкен әйелді қалай жақсы көруі мүмкін”, – дейді ақын Ернат Ысқақ.

Ал, Абдолла Қанатгүлмен төсекте де жақсы екенін жасырмады.

Бағдарламаға келген сарапшылар балаң текті болу үшін алған жарыңның тегіне мән беру керек деген кеңес айтты.

Абдолла психолог Анна ханымның сұрағына жауап бере отырып, әйелі үшін өмірін беруге дайын екенін айтты. Ал, Қанатгүл күйеуі мен балаларының өмірі қыл үстіне тұрса, күйеуін таңдайтынын айтты.

Қонақтардың бірі баласынан қалай бас тартады деп таңғалды, бірі мұны махаббаттың биік шыңы деп бағалады.

Бұған дейін 14 жас айырмашылығы бар ерлі зайыптының қалай танысқанын жазған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау