Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалықтар өлтірілген маймылға қатысты баланың ата-анасын жазалауды талап етті

14 мың адамнан астам америкалық баласы торға түсіп кеткендіктен маймылды атуға мәжбүр болған оқиғаға байланысты сәбидің ата-анасын жазалауды талап етіп отыр.

 

34BD01E900000578-3614480-image-a-17_1464489755879

Американың Цинциннати қаласының зообақ қызметкерлері сәбиді құтқару үшін тордағы маймылды атқан еді.

«Біз Харамбенің өліміне байланысты ата-аналардың салғырттығын үшін оларды жазалауды талап етеміз. Ата-аналардың салғырттығынан ертеңгі күні сәбидің ағасы не іні-қарындастарының өміріне де зияны тиюі мүмкін», – деп жазылған петицияда.

Петицияға 14 мыңнан астам адам қол қойған.

Куәгерлердің айтуынша, маймыл торына түсіп кетіп, шыңғырып жылаған баланы әрі-бері көтеріп жүрген. Зообақ қызметкерлері маймылды 10 минуттан соң атып өлтірген. Сәби ауруханаға жатқызылған, оның денсаулығына айтарлықтай қауіп төнбеген.

Оқи отырыңыз:

Чили зообағында өз-өзін өлтірмек болған адам арыстан тұрған торға секірді (видео)

Талқылау