Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 айлық балақай да сноуборд тебе алады (Видео)

Егер сіз сноубордты тек ғана арнайы жаттыққан, физикалық күші мығым адам ғана тебе алады деп ойласаңыз, қателесесіз. сноуборд

АҚШ-тың Юта штатында тұратын Слоан есімді балақай 13 айлығынан бастап жүре бастаған. Бір ай өткен соң ата-анасы оған сноуборд сатып әпереді. Әкесі кішкентай баласы үшін барынша ықшамдауын іздегенмен таппай, ақыры ұзын сноуборд алып келеді. Расында, мұншалықты жастағы балалар үшін арнайы спорт жабдығы жасалынбайтыны белгілі.

Баланың аяқтары бір-біріне жақын тұру үшін, әкесі жабдықты қайтадан арамен кесіп, жонып дұрыстайды. Әрине, Слоан әзірге өздігінен киініп, бұрылыстар жасай алмайды. Бірақ, сноубордқа аяғын алғаш тіреген көп адамға қарағанда тепе-теңдікті жақсы ұстайды.

Талқылау