Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1300-ден астам тұрғыны бар ауыл Қазақстанның картасына енбей қалған

Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас Бағыс елдімекенінде 1370 тұрғын бар. Кеңес дәуірінде жері өзбек еліне тиесілі болған ауыл тұрғындарының тіркеуі кейіннен  Сарыағашқа ауысқан. 2001 жылы шекара айқындалып, жер Қазақстанға өткенімен, Бағыс ауылындағыларға барлық құзырлы мекемелер картада жоқсыздар деп, ешбір жерге тіркеуге алмай келеді екен. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

ауыыыыыыыл

«Халыққа қызмет көрсету орталығынан барып алып жатырмыз. Бірақ, оны базаға енгізіп, тіркету үшін үйдің құжатын сұратып жатыр. Үйдің құжатын алып барсақ, үйдің құжаты базада жоқ, енгізе алмайсыздар дейді. Ең қысқасы, кешегі туылған немереме үш ай болды. Әлі базаға тіркей алмай келемін»,-дейді бағыс ауылының тұрғыны Әбидолла

Биліктегілер мәселеден хабардар. Аудан әкімдігі облысқа бірнеше хат жібергенін, тіпті ауыл әкімдігі де облыстық жер қатынастары мекемесіне хат бергенін айтады. Алайда, құзырлы орындағылар бұл екі ел арасындағы мемлекетаралық деңгейде шешілетін мәселе деп жауап қатқан көрінеді.

«Жоғары тұрған органдарға хабардар етіп, шешу бойынша хаттар жібердік. Көрсеттім. Сондай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз әлде де. Тоқтап қалған жұмыс жоқ»,-дейді ауыл әкімі Ералхан Есенбаев.

Құзырлы орындағылар бағыстықтардың мәселесі екі ел парламентінің алдыңғы келісм-шартты заңдастыруымен ғана шешіледі деп отыр. Ал, тұрғындар екі бірдей облыс әкіміне жазған хатына жауап ала алмадық дейді. Он төрт жылдан бері шешілмей отырған мәселені көтеру үшін олар Елордаға баруға бел шешіп отыр.

 

Талқылау