Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жастағы жасөспірім найзағай соқса да, аман қалды

Феникс қаласында тұратын 13 жастағы Джозая Видманды найзағай соқты. Осы оқиғадан соң тұрғын өзін Супермен сезінетінін айтты. Бұл туралы Fox News басылымы хабарлайды.

Найзағайдың жасөспірімді соққанын бақылау камерасына түсірілген. Соққыдан соң жігіт есінен танып қалды, оның жағдайы нашарлап кетті. Бірақ дәрігерлер оның өмірін құтқара алды.

Джозая Видманның сөзінше, ол саябақпен жүріп, үйіне қайтып келе жатқан. Сосын ол денесінің “жарқ еткенін” сезген. Жасөспірім ары қарай не болғанын білмейді.

“Жаңбыр қатты жауып кетті. Кенеттен денемде жылуды сездім. Артынша барлығы қараңғы болып кетті”, — дейді ол.

Джозаяның досы Харвиді де найзағай соққан. Бірақ оның денсаулығына зақым келген жоқ.

Джозая Видман құлап қалып, басын соғып алған. Бұл мидың шайқалуына алып келген. Оқиғаның куәгері тұрғынға алғашқы көмекті дұрыс көрсеткен. Дәрігерлердің сөзінше, көмектің арқасында олар Джозая Видманды аман алып қалды.

Фениксте орналасқан балалар ауруханасының дәрігері найзағай соққанда азаматтың жүрегі тоқтап қалған. Ал белгісіз адам жүрекке массаж жасап, баланы құтқарған.

Талқылау