Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жасында тұрмысқа шығып, 14 жаста босанған: Он екі баланың анасына 5 бөлмелі пәтер берілді (видео)

Шымкент тұрғыны Айсұлу Жәлелқызы 13 жасында тұрмысқа шыққан. Бүгінде 12 баласын тәрбиеелп отырған әйел қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Көпбалалы отбасының жағдайына бей-жай қарай алмаған «Харекет» қоры оларға үй алып берді.

13 жасында тұрмысқа шығып, 14 жаста босанған: Он екі баланың анасына 5 бөлмелі пәтер берілді (видео)

Сурет: Qazaqstan арнасы/ Скриншот

Бұл туралы Qazaqstan арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Айсұлу Жәлелқызы жетімдіктің тауқыметінен қашып, 13 жасында тұрмысқа шығып кеткенін хабарлаған едік. Бүгінде пәтер жалдап тұрып жатқан әйелдің 12 баласы бар. Ол 14 жасында ана атанған. Балаларының алды 21 жаста болса, кенжесі 1-ге толмапты. Ол пәтердегі тұрмысының қиын екенін, пәтер иесіне балаларының көп екенін білдірмеу үшін, оларды шкафтың ішіне жасыратынын айтқан еді. 

Бұған дейін кәсіпкерлердің бірі оларға үй жалдап берген. Алайда ол үй сатылып кетіп, босатуына тура келіп, қайда барарын білмей дал болған. 

Ендігі 12 баланы дүниеге әкелген батыр анаға пәтер жалдап күнелтіп, перзенттерін жасырудың қажеті жоқ. Себебі «Харекет» қоры көпбалалы отбасыға Шымкент қаласынан 5 бөлмелі пәтер алып берді. Осылайша, қор өкілдері ұлттық арнаның "Шаңырақ" бағдарламасында Айсұлу Жәлелқызына 79-ыншы үйдің кілтін табыстады. Мұндай жаңалыққа қайран қалған батыр ана көз жасын тоқтата алмады.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ассалаумағалейкүм Қазақ елі!!! Сүйінші! Сүйінші ! Сүйінші ! Әлемдердің Раббысы Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың қалауымен, және де жаны жомарт текті Қазақ халқының қолдауымен Республикалық Харекет қайырымдылық қоры тағы бір отбасының қуанышына себепкер болып, *79-шы баспананы Шымкент қаласының тұрғыны 12 баланың анасы Айсұлу Жәлелқызына табыстады*. Осы берекелі шараға ат салысып, қолдау көрсеткен Қазақстан Халықтар ассамблеясына, және Qazaqstan ұлттық арнасы ұжымына, Харекет қорының барша салымшыларына, сондай-ақ Мадияр Серікбаев бастаған Өнер қырандары ұжымына, және де Харекет қайырымдылық қорының Түркістан облысы бойынша белсенді еріктілер тобына және Харекет қорының барша ұжымының атынан ерекше алғыс білдіреміз!!! 1000 ТЕҢГЕГЕ - БАСПАНА @xareket_kory_official ШОТЫМЫЗ: Жеке тұлғалар үшін: (Каспий терминалдан) КАСПИЙ ДЕПОЗИТ: ИИН 720208401907 КАСПИЙ ГОЛД: 5169493114170866 КАСПИЙ КОШЕЛЁК: 08.02.1972 87765002029 КИВИ КОШЕЛЕК: 87765002029 Халық банк: 4390 8722 0349 4275 ИИН: 720208401907 (Гүлмира Мұханқызының аты шығады осы шоттарда) Заңды тұлғалар үшін: ОФ «Благотворительный Фонд «Харекет» БИН 170940025833 KZ91722S000001298489 - KZT КБе – 17 АО «KASPI BANK» БИК CASPKZKA ХАБАРЛАСУ ҮШІН: 8 (727) 3 67 19 77 @kaztrk_kz #астана #алматы #актобе #шымкент #тараз #кызылорда #орал #атырау #актау #мангыстау #костанай #караганда #семей #повладар #петрповл #түркістан #харекет_қайырымдылық_қоры2019

Публикация от "ХАРЕКЕТ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ. (@xareket_kory_official)

«Әлемдердің Раббысы аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың қалауымен, және де жаны жомарт текті қазақ халқының қолдауымен республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір отбасының қуанышына себепкер болып, 79-ыншы баспананы Шымкент қаласының тұрғыны, 12 баланың анасы Айсұлу Жәлелқызына табыстады. Осы берекелі шараға ат салысып, қолдау көрсеткен Қазақстан Халықтар ассамблеясына және Qazaqstan ұлттық арнасы ұжымына, Харекет қорының барша салымшыларына, сондай-ақ Мадияр Серікбаев бастаған «Өнер қырандары» ұжымына, және де «Харекет» қайырымдылық қорының Түркістан облысы бойынша белсенді еріктілер тобына және Харекет қорының барша ұжымының атынан ерекше алғыс білдіреміз!» - деп жазады қордағылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау