13 жасар қыздарын аяусыз зорлаған ата-анасы 100 жылға бас бостандығынан айырылды

АҚШ-тың Луизиана штатында Меган және Эрик Бург есімді ерлі-зайыпты 13 жастағы қызын қинап, зорлық әрекетін жасағаны үшін жалпы саны 100 жылға бас бостандығынан айырылды. Яғни Эрик 60 жыл, жұбайы  40 жыл өмірін түрмеде өткізетін болады.

13 жасар қыздарын аяусыз зорлаған ата-анасы 100 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

28 жастағы Эрик Бург пен оның 25 жастағы жұбайы Меган 13 жасар қызын аяусыз зорлағанын мойындады. Олардың жасаған азғындық әрекетінің сұмдық болғаны сонша, прокурор сотта істің мән-жайын айтудан бас тартты. Белгілісі, олар қыздарын 2014 және 2017 жылдары екі рет зорлаған. Алайда ерлі-зайыпты олардың тек біреуін мойындап отыр.

Нәтижесінде сот төрағасы қылмыскерлерді 60 және 40 жылға бас бостандығынан айырды. Прокурор Джол Т. Чейссонның сөзінше, олардың жасаған қылмысы үшін бұл өте жеңіл жаза.

Сонымен қатар, ерлі-зайыпты сексуалдық қылмыскерлер тізімдемесіне өмір бойына енгізіледі. Олар қандай да бір жолмен түрмеден босап шыққан күннің өзінде, айналасындағылар олардың жасаған қылмысын біліп жүретін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар