Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 ұлдың анасы қыз бала тумайынша бала көтере беретінін айтты (фото)

Бразилияда ерлі-зайыпты 13 баланың ата-анасы атанды. Балаларының бәрі ұл. Ерлі зайыптылар енді қыз бала күтіп жүргендерін айтады.

36

Иренеу Круз бен әйелі Джусиклейда Сильва 20 жылдан бері бірге тұрады. Олар алғаш үйленгенде күйеуі ұлдарының есімін, ал әйелі қыздарының есімін қоятын болып келіскен. Алайда, қыз бала өмірге келмегендіктен әйелі әлі еш баласының атын қоймаған.

47-800x492

«Мен Ривалдо, Роберто Карлос, Роналдиньо, Робиньо сынды футболистерді жақсы көрем. Сондықтан балаларыма футболистердің есімі беруді жөн көрдім», – дейді әкесі.

55

Жақында өмірге келген ұлының есімін Роналду деп қойды. Әкесі балаларымен бірге футбол ойнайды. Ұлының ең үлкені 18 жаста. Балаларының есімі Робсон, Рейнан, Рауан, Рубенс, Ривалдо, Руан, Рамон, Ринкон, Рикельме, Рамирес, Райлсон, Рафаэль және Роналду.

28

Сарапшылар қатарынан 13 баланы өмірге әкелу сирек кездесетін жағдай екенін айтады.

20170525192417

«Мен түскі асқа бір келі күріш, бір келі кеспе, бір келі бұршақ пісіремін. Кейде ауыр тиеді. Бірақ отбасымызда ешкім аш қалмайды. Біреуміз бір нан тапсақ, соны бөліп жейміз», – дейді көпбалалы ана. Ол қиындығына қарамастан өзінің бақытты екенін айтады.

118

65

Тағы да оқыңыз:

Қытайда тасқыннан зардап шеккендерге қаражатты Димаштың атынан өзгелер аударған

Елбасы АҚШ президенті Дональд Трамптан құттықтау алды

27 жастағы екі қыздың денелері ортақ (фото)

Талқылау