Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 сағат қана әйелі болды: Ер адам тойдан кейін қалыңдығының көз алдында қайтыс болды

Британдық Мишель Уайт сүйіктісінің қатерлі дертке шалдыққанын білсе де, оған тұрмысқа шығып асығыстық жасады. Ғашықтар екі жыл бойы кездесіп жүрген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

13 сағат қана әйелі болды: Ер адам тойдан кейін қалыңдығының көз алдында қайтыс болды

Бірақ, Скотта Пламли тағы бір тексеруден өткеннен кейін оның «асқазанындағы жараның» асқынып, өңеш қатерлі ісігіна ауысқаны белгілі болды.

Дәрігерлер ер адамның өмір сүруіне санаулы күн қалғанын айтқанымен, бірақ әйел бір күннің ішінде үйлену тойын ұйымдастырып үлгерді.

Қалыңдық бүкіл елден достары мен туыстарын жинап, тойы өткізбекші болды. Гүл мен тортты достары өз мойындарына алса, көршісі шашын жасап беруді ұсынды. Сондай-ақ, қалыңдық некеге тіркеу бөлімінің қызметкерін сүйіктісі жатқан ауруханаға келіп, некелерін қиюға көндірді.

Скотт үйлену тойынан кейін 13 сағат өткен соң қайтыс болды және өлер алдында Мишельге оны қатты жақсы көретінін айтты.

«Өмірімнің көп бөлігі мейірбике ретінде жұмыс істеумен өтті. Қарттар үйінде күтуші болып жұмыс істеп, паллиативтік көмекпен айналыстым. Мен қанша өлім көрдім, бірақ бұл олардың ішіндегі ең әдемісі. Мен 13 сағат қана оның әйелі болдым. Бірақ, қазір енем қайным, достарым бар. Оның арқасында осындай таңғажайып отбасының мүшесі болдым»,- дейді Мишель көзіне жас алып.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау