Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада ер адам салықты бес арбаға тиелген тиындармен төледі (видео)

Америкадағы Лебанон қаласының тұрғыны Ник Стаффорд төленбеген салықтар есебінде жергілікті транспорт департаментіне бес арба майда тиындар алып келген.

03

Бұл туралы Bristol Herald Courier хабарлайды.

Стаффорд осы әрекеті арқылы жергілікті шенеуніктерді ақылға шақырғысы келіпті. Америкалық ұзақ уақыт бойы отбасындағы екі автокөлік үшін қандай салық салынатынын білгісі келіпті. Алайда департамент өкілдері оған қажетті маманның телефон нөмірін бермей келген. Ал Стаффордтың айтуынша, бұл ақпарат еркіндігі туралы федералды заңға қарама-қайшы келеді.

Шенеуніктермен дауласамын деп бірнеше айын жоғалтқан ол ақыры департаментті сотқа береді. Алайда сот процесі кезінде Вирджиния штаты бас прокурорының көмекшісі талап етушіге керекті телефон нөмірлерін ұсынып, осыдан соң судья істі қарауды тоқтатқан. Бірақ Стаффорд мұнымен де тоқтамайды.

Жаңа автокөліктер үшін салық 3 мың доллар екенін білген ол, жергілікті банк арқылы 300 мың бір центтік тиындар алып, оны бес тіркемеге тиеп, департаментке алып барады. Тиындардың салмағы 726 келіні құраған. Ал департамент қызметкерлері болса монеталарды тура 7 сағат бойы санапты.

“Билік құрылымдарының әрекеті және олардың адамдарға көмектесуге дайындығы біздің еліміз, біздің демократиямыз үшін үлкен маңызға ие”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

АҚШ-та тыржалаңаш әйел полиция көлігін айдап қашты (видео)

Қарағандыда BMW автокөлігі жанармай құю стансансына кіріп кетті (видео)

Мемлекет саясатын жүргізіп отырған ұлттық компанияның білдей басшылары өзара төбелесіп жүр (видео)

Талқылау