120 жастағы атыраулық Танзиля Бисембеева Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді

Сенбі, 21 Мамыр , 2016 23:53

Биыл әлемдегі ең жасы үлкен адам – қазақ ұлтынан тіркелді. Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақ Танзиля Бисембеева биыл 120 жасқа толды. Екі ғасырдың куәсі кезінде күй анасы Дина Нұрпейісованың көзін көріп, дәм-тұзы жарасқан. Кейуана қазір Астрахан облысы, Красный Яр ауданы Алша ауылында тұрады.

155

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Кейуана 100 жасына дейін дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Қазір жасы 120-ға келсе де, денсаулығына еш шағымданбаған. Қазіргі қан қысымы 120/80.

166

Жуырда әжейге Гиннес рекордтар кітабының өкілдері келіп, арнайы сертификат тапсырды. Мұнда «әлемдегі ең қарт адам» деп жазылған. Ұзақ жасау Танзиля әженің тегінде бар. Өз анасы 103 жасқа, енесі 106 жасқа дейін өмір сүріпті.
«Қазір ел аман, жұрт тыныш! Ең басты байлық бейбіт өмір! Бұл Қазақстанда бар! Сол тыныштыққа жететін ештеңе жоқ! Баршаңызға амандық тілеймін», – деп бата берді ғасырдан астам өмір сүрген қарт әжей.

144

Танзиля әже Атырау облысының тумасы. Мал шаруашылығымен көшіп-қонып жүргенде Қошалақтың қыры арқылы Қараөзекке, яғни, Ресейге қарай өтіп кеткен. Сол жақта атақты күйші, күй анасы Дина Нұрпейісовамен көрші тұрыпты.

147

Бүгінде кейуана түгелдей дерлік қазақтар шоғырланған Красный Яр ауданына қарасты Алша ауылында тұрады.

Мейірімділігі мен ашық-жарқын мінезі үшін жергілікті халық оны Далбай шеше деп атап кеткен. Өмірге 3 бала әкелді. Ең қызығы, кенжесін 59 жасында дүниеге әкелген. Қазір Танзиля әженің әулеті тамырын тереңге жіберген. 24 немере-шөбересі, 2 шөпшегі бар. Абыз әже ұрпақтарының ортасында бақытты өмір сүріп келеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бұл ана менің нағашы апам. Барып тұрамыз. Өте қуатты жан.Осы жаңалықты оқығандарға жасы жұғысты болсын!Атыраулық жиенімін

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар