"Маған дұрыс тәрбие берді": 12 жыл тұрған интернатына алғыс айтқан Салтанат Бақаева жұрттың жүрегін елжіретті

Салтанат Бақаева интернатта өткізген күндерін есіне алып, балалық шағына саяхаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында интернатта тұрып оқыған кездерін есіне алды. Өнер әлеміне ерте жасынан араласқан ол өмірге көзқарасының да ерте қалыптасып үлгергенін жасырмады. Интернаттан алған тәрбиесін айтып ағынан жарылған Салтанат Бақаева ата-анасының осындай мүмкіндік сыйлағанына алғысты.

"Менің шығармашылығым 5 жасымнан, Күләш Байсеитова мектебінде басталды. Әке-шешеме 5 жасымда сол мектепке апарғанына әлі күнге дейін ризашылығымды білдіріп жүремін. Шын мәнінде мектепте, мен тұрған интернатта маған дұрыс тәрбие берді деп ойлаймын. Және, ең бастысы, 16 жасымнан бастап мен немен айналысуым керек? Болашақта кім болғым келеді? деген сұрақтарға жауап іздей бастадым. Бұның бәрі жүрген ортама, ұстаздардың сауаттылығымен байланыстырамын!" - дейді Салтанат Бақаева.

Өзі 12 жыл бойы тұрған ыстық мекеніне келіп, балалық шағына саяхаттады Салтанат Бақаева. Ол желіде интернатының бейнежазбаларымен бөлісті. Өнер иесі өзінің жолын қуып, өзі оқыған мектепте білім алып жүрген бауырының қызын туған күнімен құттықтауға барған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Менің шығармашылығым 5 жасымнан,Күләш Байсеитова мектебінде басталды😊😅 Әке-шешеме 5 жасымда сол мектепке апарғанына әлі күнге дейін ризашылығымды білдіріп жүремін😘😊Шын мәнінде мектеп те,мен тұрған интернатта маған дұрыс тәрбие берді деп ойлаймын😊Және ең бастысы 16 жасымнан бастап мен немен айналысуым керек?болашақта кім болғым келеді? деген сұрақтарға жауап іздей бастадым😌 Бұның бәрі жүрген ортама,ұстаздардың сауаттылығымен байланыстырамын!Сонымен сүйікті мектебіме келген себебім,менің туған бауырымның қызы Баян Сұлудың Туған Күні🤩🥳🎁🎉🎊Ол да қазір музыканың әлемінің қыр-сырын #КүляшБайсеитова мектебінде зерттеп жүр😌 12 жыл бойы үйімдей болып кеткен интернатымды көріп,Баянымның құрбыларымен сөйлесіп,балалық шағыма саяxаттап барып келгендей болдым😌🤩👍 Бәріне ризамын Аллаға сансыз шүкір🤲🏼

Публикация от Салтанат Бакаева (@saltanat_bakaeva)

"Сонымен сүйікті мектебіме келген себебім, менің туған бауырымның қызы Баян Сұлудың туған күні. Ол да қазір музыка әлемінің қыр-сырын Күляш Байсеитова мектебінде зерттеп жүр. 12 жыл бойы үйімдей болып кеткен интернатымды көріп, Баянымның құрбыларымен сөйлесіп, балалық шағыма саяxаттап барып келгендей болдым. Бәріне ризамын, Аллаға сансыз шүкір", - дейді Салтанат Бақаева.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр