Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы оқушы қызының жүктілігі туралы айтып жұртты күлдірді

Твиттер қолданушысы Kiran the Nomad бір кездері басынан өткен оқиғасын баяндап, жұртты күлкіге қарық қылды. Мұнымен қатар, ол балалар өмірінде сексуалдық тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын айтып өтті.

Бұл туралы Bored Panda басылымы жазды.

Киран 12 жаста болғанында, қызы өзінің жүкті екенін айтқан. Көп ойланбастан, Киран баланы сақтап қалуды жөн көреді. Бір қызығы, екеуі ешуақытта төсек қатынасымен айналыспаған.

“Басымнан өткен бір оқиғаны баяндап берейін. Мен 7-сыныпта оқып жүрген кез еді. Америкаға көшіп барғанымызға небәрі екі жыл болған. Жасым 12-де. Өмірдің не екенін білмеймін. Бірақ, маған Вашингтон қатты ұнайды. Өмір керемет. Әкем – пастор. Ол да Үндістаннан келген. Отбасымызда жыныстық қатынас туралы әңгіме қозғамайтынбыз. Мен сексті тек үлкендерге тән құбылыс деп білетінмін. Қысқасы, мектепте жүрдім. Жүзім сұлу болмаса да, барлығы британиялық акцентім үшін жақсы көрді. Қыз қауымы акцент дегенді жақсы көреді. Мұнымен қатар, қыздарды еліктіру үшін баскетбол ойнайтынмын.

Осылайша, 7-сыныптар ішіндегі ең әдемі қызды уысыма түсірдім. Шашы ұзын, ал тәні мінсіз. Екеуіміз қыз-жігіт болып кездесіп жүрдік. Мектепте қолұстасып жүретінбіз. Барлығы маған қызыға қарайтын. Бір күні математика сабағына келсем, қызым жылап отыр. “Кім тиісті саған?” деп сұрадым. Ол жауап бермеді. Кейінірек сөйлескісі келетінін айтты. Сабақтан кейін қасына келіп не болғанын сұрадым. Ол әлі жылап отыр. Менімен байланысын үзгелі отыр екен деп қатты қорқып кеттім. Кенет өзінің жүкті екенін айтты. Маған опасыздық жасап жүр екен деп ойладым. Денем қатты дірілдеп кетті. Мен оның ернінен сүйіп те көрмеген едім. Тек қолынан ұстап, барынша қамқорлық танытуға тырысатынмын.

Мен: Қымбаттым, алаңдама! Мен қазір автобусқа үлгеруім керек. Бірақ, мен сені тастап кетпеймін. Біз бұл қиындықты бірге жеңіп шығамыз деп айттым.

Анам: Сабағың қалай?

Мен: Менің қызымның аяғы ауыр.

Анам: Не?!

Мен: Біз баланы сақтап қалуды жөн көрдік.

Анам: Қашан төсектес болдыңдар?

Мен: Не айтып тұрсың?

Анам: Қашан деймін?

Мен: Білмеймін… Ешқашан! Мұның балаға не қатысы бар?!

Анам мені түсінбей тұрып қалды. Мен де қызымның жүктілігіне төсек қатынасының не қатысы бар екенін білмедім. Менде ол уақытта телефон жоқ болатын. Анашым директорға хабарласып, кездесу ұйымдастыруды талап етті. Анам арада не болғанын түсіне алар емес. Бір шетінен маған қатты ашуланып жүр. Ал мен үйді шыр көбелек айналып, қайдан жұмыс тауып, баламды қалай асырайтынымды ойлап жүрмін. Алименттен қашатын оңбағандар қатарына қосылғым келмеді. Себебі, қызыңның аяғы ауыр болса, оның ішіндегі бала бәрібір сенікі деп ойлаушы едім. Расымен, солай ойладым. Маған күле қараудың қажеті жоқ. Себебі, небәрі 12 жастамын ғой. Таңертең кездесу кезінде барлық жоспарымды айтамын. Олар менің айтқанымды орындайды деп шештім. Кездесуде мен, анам, қызым, оның анасы және директор болды. Қызым бұл жаңалықты анасына айтпаған екен. Ол туралы білмедім.

Мен: Қысқасы, былай болады. Біздің аяғымыз ауыр және біз баланы сақтап қалуды жөн көрдік.

Қызымның анасы: Сенің аяғың ауыр ма? Әкесі мына бала ма? Ол, тіпті, сенің жігітің емес қой?!

Мен: Тоқтаңыз, мен түсінбедім!

Анам: Қашан төсектес болдыңдар?

Бұл сұрақ әбден жүйкеме тиген еді. Тіпті, не деп жауап берерімді білмедім. Ал директор ешнәрсе түсіне алмай, іштей күлкісі келіп отыр. Бір уақытта анам жыныстық қатынастың не екенін түсіндіре бастады. Сол сәтте менің жыныстық қатынас және жүктілік туралы ешнәрсе білмейтінім анықталды. Ақыры оның ішіндегі баланың менікі емес екенін түсіндім. Яғни ол маған опасыздық жасаған екен. Мен жарылып кете жаздадым. Көз жасым көл болды. 12 жастағы балаға бұлай жасауға болмайды ғой. Айқайлай бастадым.

Мен: Ана, сен әдейі менің абыройымды түсіріп тұрсың ба? Ал сен мен үшін енді адам қатарында жоқсың! Анасы сіз де жетісіп тұрған жоқсыз! 12 жастағы қызыңызға неге қарайламайсыз. Директор, сіз неге күлесіз? Сіздің ағылшын тілі мұғалімімен төсектес болып жүргеніңізді бәріміз білеміз.

Осылай айқайлап, есікті жауып кетіп қалдым. Бұл әрекетім үшін мені ешкім сөккен жоқ. Ал қызым сәбиін аман-есен босанды. Қазір баласы әп-әдемі. Осы оқиғадан кейін онымен сөйлескен емеспін. Есесіне жыныстық қатынас туралы оқыдым. Ақыл кіріп, өмірлік сабақ алдым. Қысқасы, оқиға осылай аяқталды. Мен секілді біреудің баласын бауырларыңызға басып жүрмеңіздер”, – дейді Киран.

Ал сіздер қалай ойлайсыздар, 12 жасар Киран дұрыс жасады ма?


Жіберіп алмаңыздар:

Небәрі 2 сағатта жұмыстан шыққан қария күлкілі оқиғасын баяндап берді

Пәкістанда екібасты бұзау туды (видео)

Қытайлық пойызбен 50 жыланды тасымалдамақ болған

Мысығы тістеп алған ер адам 27 күн комада жатқан

Талқылау