Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы оқушы әлемдегі ең ұзын қыз атанды

Англияның Саутгемптон қаласында тұратын 12 жастағы оқушы әлемдегі ең ұзын қыз атанды. Софи Холлинс қазірдің өзінде ата-анасынан ұзын, оның бойы 189 сантиметрге жеткен. Небәрі 12 жасқа ғана толған қыздың бойы үйде төбеге дейін жетсе, мектепте сыныптастарынан әлдеқайда ұзын.

12 жастағы оқушы әлемдегі ең ұзын қыз атанды

Бұл туралы Mirror хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Мен әрдайым ерекше екенінімді білетінмін. Мектепке алғаш барған кезде де сыныпта ең ұзыны болдым»,-дейді қыз.

12 жастағы оқушы әлемдегі ең ұзын қыз атанды

Софи Гиннестің рекордтар кітабына кіргеніне қарамастан, ота жасағаннан кейін бойының өскені тоқтайды деп үміттенеді. Дәрігерлер оған өмірге қауіпті диагноз қойды. 12 жастағы Софи Марфан синдромына шалдыққан. Марфана ауруы – туа біткен және тұқым қуалайтын ауру. Бұл дерт дәнекер тінінің мұраланған ақауынан туындаған және тірек-қимыл жүйесінің зақымдануымен сипатталады.

12 жастағы оқушы әлемдегі ең ұзын қыз атанды

Софидің бойының ұзындығы алты жасында 147 см, ал төрт жылдан кейін – 155 сантиметрге жеткен. Дәрігерлер баланың жыныстық жетілуін жеделдету үшін тізе мен гормондарына ота жасау арқылы оның бойының өсуін тоқтатуға тырысты.

12 жастағы оқушы әлемдегі ең ұзын қыз атанды
«Анам менің Марфана синдромына шалдыққанымды бала кезімде айтқан болатын. Мен бойымның ұзын болғанын мақтан тұтамын, бірақ оның өсуінің тоқтайтынына қуаныштымын. Бойыңның ұзындығы 189 сантимерт болғаны жақсы әрине, адайда одан әрі өскім келмейді»,-дейді Софи.

12 жастағы оқушы әлемдегі ең ұзын қыз атанды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау