Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы алматылық студенттің қандай армандары бар

Мектеп бағдарламасын небәрі 7 жыл ішінде меңгеріп алған алматылық вундеркинд Абзал Мырзаш енді университет дипломын да мерзімінен бұрын қолға алмақ.

Алматылық Абзал Мырзаш 8 пәннен қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысып мектептегі ұстаздарын таңқалдырған болатын. Енді ол университеттегі құрдастарынан оза шауып, сол жердегі ұстаздарын таңқалдырып жүр. Дәл қазір 12 жастағы Абзал Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ технологиялық университетінің бірінші курсында білім алып жатыр.

Ол бір жасқа толмай жатып сөйлеп, екі жасында оқып, жаза бастаған. Бүгінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Тіпті, ЖОО-ны да мерзімінен бұрын тәмамдауды жоспарлап жүр. Жуырда әкесі оны бокс секцияларына жазған екен. Енді бос уақыты болмауы үшін самбоға да қатыстырмақ.

Абзал Sputnik Қазақстан басылымының тілшісіне Жаңа жыл мерекесіне қандай сыйлық алғысы келетіні, ЖОО-дағы күндерінің қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді.

– ЖОО-ға түскенге дейін қандай мектепте білім алдың?

– Үшінші сыныпқа дейін №16 мектепте орыс сыныбында оқыдым. Қалған сыныптарды №136 мектепте тәмамдадым.

– Мектеп бағдарламасын еркін меңгере алдың ба?

– Иә, солай деуге де болады. Арасында қиын тақырыптар да болды. Бірақ, негізінен барлығын еркін меңгеріп жүрдім.

– Қай факультетте, қандай мамандық бойынша білім алып жатырсың?

– Ақпараттық технология факультетінде ақпараттық жүйе мамандығы бойынша білім алып жатырмын.

– Яғни болашақта бағдарламашы болғың келе ме? Мен сені дұрыс түсініп тұрмын ба?

– Тек бағдарламашы болып қоймай, ақпараттық қауіпсіздікпен де айналысатын боламын.

– ЖОО-ға тез үйренісіп кеттің бе? Қандай қиындықтар болды?

– Студенттердің тым көп екеніне үйрене алмай жүрдім. Басқа факультеттегілермен ортақ пәндеріміздің бар екенін білгенде қатты таңқалдым. Десе де, кей балалармен танысып үлгердім. 2-3 аптаның ішінде олармен тіл табыстым.

– Сені группаластарың қалай қабылдады?

– Кейде менімен әзілдесетіндерін жасырмаймын. Бірақ, менің студент екенімді ескеріп, құрметпен қарайды.

– Көңілге тимейтін әзілдер ғана айтылатын шығар?

– Иә.

– Жаңа достар таптың ба? Студенттік кештерге барып тұрасың ба?

– Көңіл-күй көтеретін кештерге бармаймын. Бірақ, әртүрлі тақырыпта әзілдесе алатын достар таптым.

– Өзіңнен жасы үлкен жігіттермен тіл табысу қиын шығар? Оның үстіне қызығушылықтарың ортақ болмауы мүмкін.

– Тым әртүрліміз деп те айта алмаймын.

– Сені аудиториядан көрген ұстаздар қатты таңқалған шығар?

– Ұстаздар мені көріп қатты таңқалды деп айта алмаймын. Себебі, олар менің осы жерде оқитынымды алдын ала білді. Олар басқаларға қалай қараса, маған да дәл сондай қарым-қатынас танытады. Ұстаздарым өте білімді. Әрбір тақырыпты дұрыс түсіндіріп отырады. Көмек керек кезде аянып қалмайды.

– Олар саған белгілі бір жеңілдіктер жасай ма?

– Басқалардан бөліп-жармайды.

– Дене шынықтыру сабағы қалай өтіп жатыр?

– ҚБТУ-да жаңа нормативтермен таныстым. Бірақ, мен жаттығуды басқаларға қарағанда азырақ жасаймын.

– Өзіңді сыныптастарыңа қарағанда үлкен сезінесің бе? Бұл тақырып төңірегінде ойланып көрдің бе?

– Мен өзімді олардан үлкен немесе ақылдырақ сезінбеймін. Мысалы, олармен демалыс күндері бірге футбол ойнаймын.

– “Мектепке қайтқым келеді. Әттең, қате таңдау жасадым” деп өкінген кездерің болды ма?

– Әрине, мектепті жиі еске аламын… Әсіресе, күнделіктерім мен дәптерлерімді көрген кезде. Жадымдағы естеліктер жаңғырып тұрады.

– Мектепке қайтып барғың келе ме?

– Иә, кейде барғым келеді.

– Мектеп бағдарламасы жеңілдеу. Ал бұл жерде ақпаратты қалай қабылдап жатырсың?

– Ақпаратты қабылдауға байланысты белгілі бір қиындықтар жоқ. Оқысаңыз, кез келген тақырыпты меңгеріп аласыз.

– Қазір бос уақытыңыз көп пе, әлде аз ба?

– Мектепке қарағанда бос уақытым көп.

– Әкең ЖОО бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгергің келетінін айтты. Осы рас па?

– Иә.

– Бұл шешімді осы жерге келмей тұрып қабылдаған ба едің?

– Шынымды айтсам, ЖОО-ға келгенге дейін бұл туралы ойланған емеспін. Бірақ, осы жерге келгеннен кейін бағдарламаны мерзімінен бұрын меңгере алатынымды түсіндім.

– Сонда бакалавриаттың төрт жылдық бағдарламасын неше жылда меңгергің келеді?

– 2,5-3 жылда.


Жіберіп алмаңыз:

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

Қазақстандық жүргізушілерге қандай жағдайда куәліксіз көлікпен жүруге рұқсат беріледі

Қазақ жігіті мұқтаж жандарға тегін үй салып беріп жүр

Қызу түсірудің пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан тәсілі

Талқылау