12 жасар бала Рианнаның хитын түпнұсқасынан да асыра орындады (видео)

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 10:32

Интернет желісінде әлемге әйгілі әнші Рианнаның әнін түпнұсқасынан да ерекше етіп орындаған баланың ролигі танымалдылық жинауда.

алихан

Алматыдағы Groove Music дыбыс жазу студиясында жазылған ән, сол студияның Youtube каналында жарияланыпты.

Музыканы ерекше сезіне алатын, дауысы тамаша бала ешқашан вокалмен кәсіби түрде айналыспаған екен. Бірақ, 12 жастағы Әлихан Бұлдыбаев төрт жасынан бастап спорттық бимен айналысып үлкен жетістіктерге де жетіпті. Республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдесін иеленген.

fkbfff

5 жасында Әлихан скрипканы үйрену үшін музыкалық мектепке барады. Тәжірибелі мұғалімнің арқасында сол мектепте оның музыкалық қабілеті шыңдалады. Әлиханды №3 музыка мектебінің директоры Нелли Мукаева тәрбиелеген. 2013 жылы алматылық бала Барселонада өткен конкурста 2-орынды жеңіп алады. Ол музыкалық білімін келешекте Калифорниядағы өнер институтында жалғастырғысы келеді. Әлихан болашақта әнші әрі актер болуды армандайды.

Ол Рианнаның әнін бекер таңдап алмапты. Барбадостық әнші баланың кумирі екен. Ол сондай-ақ, Шакира, Бейонс, Сии басқа да жұлдыздардың шығармашылығын ерекше бағалайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар