12 жастағы қыздың бетіне жара шығып, беті мен мойнын жауып қалған

Үндістанның Гуджарат штатының тұрғыны сирек кездесетін аурудан зардап шегеді. 12 жастағы қыздың мойнына үлкен жара шыққан. 

12 жастағы қыздың бетіне жара шығып, беті мен мойнын жауып қалған

Сурбхи Бен 3 жаста болғанда денесіне жара шығады. Әкесінің айтуынша, бастапқыда жара қыздың бетіне шыққан. Кейіннен доптың көлеміндей болып мойнын жауып қалды. 

Жергілікті дәрігерлер бұл дерттің диагнозын қоя алмады. Ал, шетелде емдетуге ақша жеткілікіз. Алайда қыздың өзі мінезі ашық-жарқын, ешкімнен қымсынбайды. Достары көп, бәрімен ашық сөйлеседі. 

Қыздың дерті болжам бойынша, лимфатикалық мальформация. Оны басқаша кистозды гигрома - сирек кездесетін бет жарасы деп атауға болады. Ұлыбританияда туған барлық сәбидің 1 пайызында ғана бұл дерт кездеседі. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр