Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

12 жастағы қыз бала інісін өрттен құтқарып, өзі мерт болды

Қытайда 12 жастағы қыз бала інісін өрттен құтқарып қалды. Қыздың өзі денесі күйіп көз жұмды. Ол інісін өз көрпешесіне орап шыққан.

12 жастағы қыз бала інісін өрттен құтқарып, өзі мерт болды

Оқиға ақпан айының ортасында Чандэ қаласында болды. Чэнь Цзымо есімді қыз бала үйден өрт шыққанын байқайды. Өрт таңертең басталып, қыз оянғанда үйден шығар жердің бәрін шарпып кетеді. Бұл кезде қыз бала 5 жасар інісін күйіп қалмау үшін өз көрпешесімен орап шығарады. Әкесі көргенде екеуі де ессіз күйде болады.

Қыздың денесін 55 пайыз, інісінің денесін 28 пайыз күйік шалған. Балаларды ауруханаға жеткізді. Ауруханада жатқан қыз бала бес күннен соң мерт болды. Ұл баланың денсаулығы қалыпқа келді.

«Егер ол өзі де көрпеге оранып шыққанда денесі інісінен аз күйетін еді», - дейді әкесі.

Айтуынша, көз жұмған қыз өте сезімтал әрі жауапкершілігі мол қыз болған. Інісі туғаннан бірге ұйықтап, оның күтімін өз мойынан алған.

Өрттен соң әкесі көпшіліктен қаражат сұрап, 7 сағатта млн юань (57 млн теңгеге жуық) жинады. Бұл ақшаға әкесі ұлына ота жасатып, қалғанын қайырымдылыққа, қызы оқиған мектептің дамуына аудармақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр