12 жасар оқушы ата-анасының несие картасын ұрлап, Бали аралына ұшып кеткен

Сиднейде әжесін алдап, өзінің төлқұжатын алып алған оқушы ата-анасының несие картасын ұрлап, Балиге ұшып кеткен.

12 жасар оқушы ата-анасының несие картасын ұрлап, Бали аралына ұшып кеткен

Бұл туралы The Guardian-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

12 жасар бала Балиге баруға рұқсат бермеген анасымен ұрсысып қалған екен. Содан ата-анасының несие картасын ұрлап алған оқушы өздігінен билет пен қонақ үй бөлмесіне тапсырып беріп, шекараны кесіп өткен.

Ол ата-анасына мектепке баратынын айтып, үйден шығып кеткен. Бірақ ол мектепке емес бірден вокзалға барып, сол жерден пойызбен әуежайға жеткен.

Баланың сөзіне қарағанда, одан тек Австралияның Перт қаласында басқа ұшаққа отыратын кезде ғана құжат көрсетуді сұраған.

Содан кейін бала ұшаққа еш кедергісіз отырған. Оқушы Балиге келе сала “The All Seasons” қонақ үйіне тіркеліп, қызметкерлерге әпкесінің келуін күтіп тұрғанын айтқан.

12 жасар баланың шетелге ұшып кеткені мұғалім іздегеннен кейін ғана белгігі болды. Дрюдің ұстазы оның отбасына хабарласып, баланың сабақта болмағанын  айтқан. Оның Балиге кетіп қалғаны анықталғаннан кейін, анасы аралға ұшып келіп, ұлын үйіне алып кеткен.

Оқи отырыңыз: 

Өлетінін сезгендей: Әйгілі DJ Авичи өлерінен үш күн бұрын алғыс айтып, хат жазған

Ең керемет жұп: 18 жастағы жігіт бітіру кешіне анасын шақырған (фото)

Ең нашар ана: Әйел 4 кішкентай баласын тастап, Еуропаға кетіп қалған

Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында өз ұлымен қатарлас көрінеді (фото)

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар