Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жасар аңшы қызды америкалықтар өліммен қорқытуда (фото)

Юта  штатының тұрғыны Арианна Гурдин әкесімен бірге аңшылыққа Африкадағы сафариға барған. 12 жасар қыз аң аулауға барған сәтінде өзі атып алған керікпен суретке түсіп, оны желідегі парақшасына жүктеген. Осы суреттен кейін қыз салған сурет жанына оның өзін  осылайша  қатаң жазалайтындарын ескерткен пікірлер көбейіп кеткен. Желіде дауға айналған суреттен кейін де  оқушы өзінің сүйікті ісінен ешқашан бас тартпайтынын айтады.

аңшы1

Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

аңшы

Нәзік әрі  сүйкімді қыз аң аулауға барған кезде керіктен бөлек құлан, ала жылқы (зебра) сынды тағы бірнеше ірі жануарды атып алғанын айтқан. Ал желі қолданушылары оны қанішер деп атап кетті. «Қайырлы күн Америка» бағдарламасына қатысқан  Арианна спорттың осы түріне өте қатты қызығатынын әрі оны ешқашан тастамайтынын айтқан.

аңшы3

«Бұл менің қызыға айналысатын ісім. Аңшылықпен айналысқанды өте қатты жақсы көремін. Бұл істі ешқашан тастамаймын. Мен аңшымын. Адамдар қалай сынамасын  өз қалауымнан ешқашан бас тартпаймын»,-дейді оқушы қыз.

Қыздың ұстазы әрі  әкесі сол бағдарламаға барған кезде  Ариннаның ісінің пайдалы тұстарын теріп айтты.

аңшы4

«Аринна өлтірген керік сол маңдағы ең қажетті өсімдіктермен қоректенеді. Оның еті 800 жетімге тамақ болды. Мен ешқашан баланы қалай тәрбиелеу керек  екенін айтпаймын. Біз өзіміздің аңшы екенімізді мақтан тұтамыз. Осыған дейін өлтірілген жануарлар үшін ешкімнен де кешірім сұрамаймыз»,-деді  Эли.

аңшы2

Арианнаның әкесімен бірге аңшылыққа шығып жүргеніне жеті жыл болыпты. 12 жастағы аңшы қыздың суреттері желіде қатаң сынға ілігіп, оның өзін өліммен қорқытатындар көбейген.

«Бір батыл шығып, сенің теріңді сыпырып алады деген үміттемін»,  «Өзгенің қолы қанға боялмай тұрғанда өзіңді-өзің өлтіргенің дұрыс шығар» деген сынды пікірлер көптеп жазылған.

 

 

Талқылау