Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жасар алматылық вундеркинд ҚБТУ грантына ие болды

Мектепті мерзімінен бұрын тәмамдаған 12 жасар алматылық вундеркинд Абзал Мырзаш Қазақ-Британ техникалық университетінің грантын жеңіп алды.

20170727195055

Қуанышты жаңалықты оқымысты баланың әкесі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Менің оқымысты ұлым Абзал Мырзаш бүгін ҚБТУ грантын иеленді. Грантты ректор табыстады», – деп жазды Дәуренбек Нысанов.

Бақытты әке ұлына қолдау білдірген оқу орнының басшылығына алғыс айтты.

Айта кетейік, Абзал Мырзаш биылғы жылы мектепті мерзімінен бұрын бітіріп, ҰБТ-дан 117 ұпай жинады. Оқушының жетістігі туралы білген төрт бірдей оқу орны жігітке тегін оқу грантын ұсынды. Олардың арасында ҚБТУ да бар болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте шығарылған ойыншықтар шетелде сатылатын болды

Жаркентте құлаған ұшақта мерт болған азаматтың артында бес баласы қалды

Қазақстан азаматтарының шетелде діни білім алуына шектеу қойылмақ

Астана тұрғыны жас қызды өзінің досына 50 мың теңгеге сатып жіберген

Талқылау