Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

117 жастағы мексикалық әйел туу туралы куәлігін алып көз жұмды

Мексикада 117 жастағы әже туу туралы куәлігін алғаннан кейін бірнеше сағаттан соң көз жұмды.

Безымянный

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Тринидад Альварес Лира осы құжатты алуды көп жыл күткен. Ол барлық мемлекеттік жеңілдіктер мен өтемақыларға осы құжат арқылы ғана қол жеткізе алатын болған екен.

Осы жылдың 30 маусымында 1898 жылы туған әжейге ақыры көптен күткен құжат та табыс етілген. Алайда ол көп өтпей жүрек талмасынан қайтыс болыпты.

Талқылау