Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

111 жасқа толған қария ұзақ өмір сүруінің сырын айтты

Ұлыбританияда жүзден асқан қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты. 29 наурызда Британдық Боб Уэйтон өзінің 111 жас туған күнін Альтон қаласындағы қарттар үйінде атап өтті.

111 жасқа толған қария ұзақ өмір сүруінің сырын айтты

Қария ұзақ өмір сүруінің сырына қатысты "өлімнен әрқалай қашып құтылғанын" айтып әзілдеді.

«Мен тұмау, безгек ауруларымен ауырған сайын уайымдайтынмын, екі-үш операция жасаттым. Бұрын көз жұмуым мүмкін еді, бірақ мен күрескерсмін десем де болады», - дейді британдық қария.

Қария көпшілік назарында болғысы келмейтінін мойындады. Уэйтон жаңа адамдармен танысуды және «адам болу дегеннің мағынасын түсінетін» адамдармен сөйлесуді қалайды. Ол тіпті Королева Елизаветадан да «жансыз» құттықтау сәлемдемесін жібермеуін өтінді.

«Неліктен барлық нәрселер үшін мемлекет ақша жұмсайтынын түсінбеймін, ол Королеваның жеке атынан сыйға тартылған дүние емес қой», - дейі қария.

Британдық қарияның екі ұлы, қызы, 10 немересі және 25 шөбересі қария өздігінен тәуелсіз өмір сүруге тырысады.

Уэйтон өз тамағын әзірлеп, «Боб 111» белгісі бар қарт адамдарға арналған құралдың көмегімен азық-түлік дүкеніне барады.

«Белгіні  көңіл-күйі түскен адамдар көріп, көңілі көтеріліп қалады. Біз біраз уақыт әңгімелесеміз. Мен сол үшін де өмір сүріп жүрмін», - деді зейнеткер.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау