Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

110 жасқа толған оңтүстік қазақстандық қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті

Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев ең қарт тұрғын Бейсек Рсымбетовті 110 жасқа толған туған күнімен арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

45

Сурет otyrar.kz сайтынан алынды

Теріскейлік ең қарт ақсақал әкім құттықтауын ерекше ілтипатпен қарсы алып, аудан басшысына батасын берді.

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар деген. Елімізде өзіңіздей сүйегі асыл, қазыналы қарияларымыз көп болып, жасыңызды ұрпақтарыңызға берсін. Немере, шөберелеріңіздің алдында аман-есен жүре беріңіз», – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында туған күні иесі ұзақ өмір сүруінің құпиясы қазақтың ұлттық сусыны – қымыранды көп ішуінің арқасында екенін айтты. Зейнеткердің бүгінде 32 немересі мен 22 шөбересі бар.

Талқылау