Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жастағы Огайо тұрғыны жинаған ақшасын иісшіл иттерге оқ өтпейтін кеудеше алуға аударды

АҚШ-тың Огайо штатында тұратын 11 жасар Эллисон есімді қыз өзінің жәрдемақысынан жиналған барлық қаражатты полиция департаменттерінің біріне аударған. Ол бұл қадамға полицейлердің Джетро атты итін қылмыскерлер атып өлтіргеннен кейін барған.

52b5efa79708b8779792a30e2b086bf4__660x

Сурет facebook.com/ryan.davis.12935

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

11 жасар қыз Джетро атты полицей итінің жараланып қалғанын естіп қатты уайымдаған.

“Джетро, мен сен үшін қатты қамығамын. Міне, менің жәрдемақым. Осы ақшаға сіздердің итке арналған оқ өтпейтін кеудешені көптеп сатып алуларыңызды қалаймын. Құдай жар болсын!” – деген ол хатында.

10297595_1669943173271855_1832419372266587189_n

Жылуға толы мына хат Огайо полиция департаментінің барлық қызметкерлерінің жан жүректерін елжіреткен. Қыздың хатын көрген кезде, Джетроның бұрынғы иесі Райан Дэвис көз жасына ерік берген.

“Өкінішке орай хатты мен конвертсіз тауып алдым. Бұл періштеге не деп жауап айтарымды да білмеймін. Рахмет, Эллисон! Бізге көмектесіп жатқан баршаңызға рахмет!”, – деп жазады Райан.

22649_102696923092998_5035579_n

Талқылау