Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жасар Өркенді өлтіру ісі: Шәрипа Ақбердиева ұлының жазасына тағы 5 жыл қосуды сұрады

Алматыда 11 жасар баланы өлтіруге қатысты істегі басты күдікті қылмысқа өз балаларын тартты.

99809809896879

Фото: Серикжан Ковланбаев, Sputnik Қазақстан

Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта, Қаскелең аудандық сотының ғимаратында, өзінің өгей баласын өлтіруді ұйымдастырды деген бас күдікті Шәрипа Ақбердиева соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Сотта ол өзінің ұлы Темір Ақбердиев пен оның өгей інісі Қадыржан Ғұламовтың бұдан бұрын прокурор сұраған жаза мерзіміне тағы 5 жылдан қосуды сұрады. Сондай-ақ ол  қамаудан қызы – Айдананы босатуды сұрады.  Бас күдікті 25 жылға бас бостандығнан айырылуы мүмкін.

Сотталушылар 5 адам: өлтірілген баланың анасы Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев.

Бұған дейін полиция өгей шешенің өш алу үшін баланы ұрлап әкетіп өлтіргенін хабарлаған еді. Әйел қанды іске тіпті өзінің туған балаларын да араластырған. Еске сала кетсек, 11 жастағы 6-сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кеткен. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылды.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық азамат өз ақшасына балабақшаларға камера орнатпақ

Орал тұрғыны имамға бағынбай, діни рәсімнің өтуіне кедергі келтірген

Нанның көгерген тұсын алып тастап жеу керек пе, әлде тастау керек пе?

Талқылау