11 жасар Өркенді өлтірген өгей шешесі мен оның балаларына сот үкімі шықты

11 жасар Өркенді қатыгездікпен өлтіруге бұйрық берген өгей анасы 25 жылға бас бостандығынан айрылды.

1918 (1)

Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Брікжан Байжүнісов өзінің өгей баласын өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылған Шәрипа Ақбердиеваға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Сотталушылар 5 адам: өлтірілген баланың анасы Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев.

Шәрипа Ақбердиеваға жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 25 жылға, Темір Ақбердиевке толық қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 23 жылға, Қадыржан Гулямовке жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 12 жылға, Айдана Ақбердиеваға   жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 16 жылға, Руслан Мүтәлиевке толық қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы сөзінде Шәрипа Ақбердиева өзінің ұлы Темір Ақбердиев пен оның өгей інісі Қадыржан Ғұламовтың бұдан бұрын прокурор сұраған жаза мерзіміне тағы 5 жылдан қосуды сұрады. Сондай-ақ ол  қамаудан қызы – Айдананы босатуды сұрады.

Бұдан бұрын Шәрипа Ақбердиева кінәнің бәрін өз мойнына алып, оны мұндай қадамға ненің итермелегенін айтқан болатын. Әйелдің сөзіне қарағанда, Өркеннің әкесі 12 жыл бойы оған көмектеспепті және бала тәрбиесіне де көңіл бөлмеген. Оны Шарипаның өзіне асырауға тура келген. Міндеттердің осылай бөлінгеніне қарамастан, ер адам үйден кету туралы шешім қабылдайды. Соңғы сөзінде Шарипа Ақбердиева мен қалған төрт сотталушы Өркеннің туыстарынан кешірім сұрады. Айта кетейік, Өркен Азаматұлы 19 қаңтар күні сабақтан шығып, үйіне оралмаған. Полицияға баланың жоғалып кеткені туралы оның әжесі арыз жазады. Кейінірек, баланың денесі табылған болатын. Өркенді өлтірді деген күдікке оның өгей шешесі ілініп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық азамат өз ақшасына балабақшаларға камера орнатпақ

Орал тұрғыны имамға бағынбай, діни рәсімнің өтуіне кедергі келтірген

Нанның көгерген тұсын алып тастап жеу керек пе, әлде тастау керек пе?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар