Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жасар қыздың ұшаққа билетсіз кіргені камераларға түсіп қалған (видео)

Мәскеулік Внуково әуежайында бақылаудан билетсіз өтіп кеткен 11 жасар қызды бейне бақылау камералары түсіріп алған.

20160429203136

Бұл туралы “ҚазАқпарат” rosbalt.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жазбада қыздың ересек жолаушының артына тығылып өткенін көруге болады. Арқасына рюкзак ілген баланы ешкім байқамаған.

Осыған дейін көлік полициясының қызметкерлері Пулково әуежайында жалғыз жүрген баланы байқаған. Қыз Внуководағы бақылаулардан өтіп, Санкт-Петербург өздігімен ұшып барғанын жеткізді. Сондай-ақ ол бұрын ұшып көрмеген және ұшқысы келгендіктен барғандығын айтқан.

Талқылау