Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11-жасар алматылық отбасын асырау үшін ақысына өзінен кішілерді сабаққа дайындайды

Алматы қаласына жақын маңдағы Дмитриевка елді-мекенінде Маша Дидяева есімді қыз тұрады. 11-жасар бүлдіршін науқас анасына дәрі-дәрмек алу үшін жастайынан жұмыс істеуге мәжбүр.

14184517_176161966149038_5242561723612215142_n

Бұл туралы BNews.kz хабарлаған.

Маша Дидяева және оның жағдайы туралы Алматыдағы «ДариДобро» қайырымдылық қоры Facebook-тегі жазбадан хабардар болған.

«Маша керемет қыз. Жасы небәрі 11-де болса да, анасына көмектесу үшін ол репетитор болып жұмыс істейді. Машаның IQ көрсеткіші – 180, тіпті сол үшін ол 4-сыныптан кейін бірден 6-сыныпқа қабылданған. Ол қайырымды жандардан жұмыс тауып беруін сұрайды. Машаның орыс тілі, орыс әдебиеті мен математикадан қосымша сабақ беретінін Facebook қолданушысының жарияланымынан білдік. Маша – өте сүйкімді, ерте есейген қыз. Ол өте ұяң әрі естияр. Мектептегі жетістіктері жайында көп нәрсе айпады, себебі өзі көп сөйлемейді», – дейді «ДариДобро» қайырымдылық қорының негізін салушы Александра Бекишева.

Маша анасы екеуі ғана тұрады. Анасы бұрын краншы болып жұмыс істеген. Ал қазір денсаулық жағдайына байланысты еңбекке жарамсыз.

«Қыздың сөзінше, оның анасы ара-тұра бүйректің жетіспеушілігінен не теміртапшылықты анемияның кесірінен есін жоғалтып алады екен. Әзірге біз анасы мен қызының денсаулығында қандай кінәрат барын анықтау үшін кейбір анализдерін төледік. Анализ нәтижелері дайын болғаннан кейін біз дәрі-дәрмекке және олардың емделуіне ақша бөлсек дейміз. Жақында Машаның сабағы да басталады. KGNT компаниясының қолдауымен біз Машаға кеңсе тауарлары толтырылған сөмке алып бердік. Сондай-ақ, біз анасы мен қызының тұрмыстық жағдайын түзеткіміз келеді. Сол үшін Машаның анасына сай жұмыс та іздестіріп жатырмыз», – деп жалғады сөзін Александра Бекишева.

«ДариДобро» қоры болашақта Маша Дидяеваның отбасына үй алуға көмектесуді жоспарлап отыр. Қаладағы қымбат пәтерлерге қолдары жетпегендіктен, Дидяевтар қала сыртында тұруға мәжбүр.

«Маша нейрохирург болуды армандайды. Қазірдің өзінде бұл мамандықтың қыр-сырын меңгеруді бастап кеткен ол 9 сыныпта Астанадағы Назарбаев интеллектуалдық мектебіне тапсыруды жоспарлап отыр. Маша елордада тұрып, жұмыс істеуді армандайды екен. Әзірге біз Маша мен оның анасының тұрмысы туралы егжей-тегжейлі білмейміз. Соны анықтайтын боламыз. Біз оған міндетті түрде көмектесуге тырысамыз. Себебі кішкентай бүлдіршін бұл әлемде де мейірімді жандардың бар екеніне көз жеткізуі тиіс. Қолымыздан келеді деп үміттенеміз», – деп пікірін білдірді қордың негізін салушы.

Еріктілердің адал ниетіне қарамастан, заңгер Жангелді Сүлейманов Машаның барлық әрекетін заң жүзінде құпталмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол көмекті заңға сәйкес іске асырудың жолдарын нұсқады.

«Жұмыс беруші мен қызметкердің қарым-қатынасын реттейтін бізде Еңбек кодексі бар. Мына жағдайда Машаның жұмыс берушісі жоқ, жасы да еңбек кодексіне сай емес. Яғни ол өз қызметін ұсынатын адамдардың қатарына кіреді. Алайда мұнда да оның жасы 18-ден асуы тиіс болатын. Тек жасы үшін оны жауапқа тартуға да болмайды. Ол заңсыз ештеңе істеп жатқан жоқ. Маша әрі қарай да заңсыз жұмыс істеуін жалғастыра алады немесе 14 жасқа толуын күтуі керек. Сонымен қатар, қызды театрға, киноға немесе циркқа жұмысқа орналастыруға болады. Алайда тек актриса ретінде. Еден жууына ешқандай жол жоқ», – деп атап өтті Сүлейманов.

Айта кетейік, «ДариДобро» қоры талай игі істің тындырушысы болып табылады. Қор қан обырына шалдыққан алматылық кішкентай бүлдіршін Аняға да көмектескен еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық шенеуніктердің балалары қандай жұмыс істейді

Астанада ер тұлғалы жігіттер “батыр” болып жұмыс істеп жүр

Қазақстандық Google компаниясына жұмысқа орналасты

Қазақстандық қыз Facebook компаниясына жұмысқа орналасты

Талқылау