Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 миллиардқа салынған «Қарағанды-Теміртау» тас жолының неліктен жарылғаны анықталды

Құрылысына 11 миллиард теңге жұмсалған Қарағанды-Теміртау жаңа тас жолы жер асты суларының салдарынан жарылған болып шықты. Сарапшылар бетон мен басқа да арнайы зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп осындай қорытындыға келді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

11 миллиардқа салынған «Қарағанды-Теміртау» тас жолының неліктен жарылғаны анықталды

Қарағанды-Теміртау тас жолының учаскесін қайта құру жобасы 2014 жылы жасалды. Бірақ су тасқыны салдарынан аймақтағы жер асты суларының деңгейі айтарлықтай көтерілді. Сонымен қатар, қыста тас жолдың беті жолжағамен жабылмай қалған екен.

Бірақ, сарапшылар бұл қателік құрылыс нормаларының бұзылуына жатпайды дейді. Нәтижесінде, жол жүк салмағына төтеп бере алмай, бетонның жоғарғы жабыны жарылып кетіп отыр.

Қарағанды-Теміртау тас жолының төңірегіндегі дау жазда шыққан болатын. Сол кезде жүргізушілер бір жыл бұрын құйылған бетонның жарылып жатқанын байқап, шу шығарған еді. Кейінірек 5 шақырым жолдың ғана жоғарғы қабаты жабылғаны белгілі болды. Енді мердігерлер барлық жарықшақтарды жөндеп, бүлінген жерлердің тасын ауыстырмақшы. Алайда, олар барлық жұмысты өз қаражаттарынан жүзеге асыратын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау