Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11-13 тамыз аралығында жұлдыздар қаптап аға бастайды

11-13 тамыз аралығында Жер тұрғындары жыл сайынғы жұлдыздар ағынын, Персей метеоридтерінің көптеп аға бастағанын көре алады , – деп Қазақстан жаңалықтарына СҚО мемлекеттік астрономия университетінің доценті Андрей Солодовник айтып берді.

10659446

Тамыз айындағы  «аққан жұлдыздарды»  ғалымдар персеидалар деп атайды.  Олар біздің ғаламшар өтетін ең метеорлы тасқындар болып саналады.

Жер ескі комета бөлшектеріне өте таяу жақындайды. Сондықтан «аққан жұлдыздардан» тамызда  айрықша жарық бөлінеді. Метеориттер ғаламшар атмосферасында 100-120 шақырым биіктікте жанып кетеді.

«Тамыз айында ел аузында «ағатын жұлдыз» атанып кеткен метеориттер саны артады. Метеориттер әсіресе таңғы уақытта көптеп ағады. Астрономияда бұл Жердің орбиталық қозғалысымен байланыстырылады. Метеориттердің ішінде Персеидалар тамыз айында көптеп аға бастайды», – дейді Солодовник.

Оның айтуынша, Персеида метеориттерінің ағуын 9 шілде күні де байқауға болады. Бұл күні Персеидалар өзге жұлдыздардан ерекше үлкендігімен әрі жылдамдығымен ерекшеленеді.

«Заңды құбылыс бойынша, олар кометалардан тарайды. Олар артына із қалдыра отырып жойылады. 1862 жылы ашылған Свифта-Туттля кометасы Күнді 130 жылдан бері айналып келеді. Бұл планета Күнді соңғы рет 1992 жылы айналды. Зерттеу нәтижесінде, бұл планетаның жылдан-жылға жылдамдығы артып келе жатқанын көруге болады», – дейді Солодовник.

Жіберіп алмаңыз:

Австралиялық балықшы “теңіз құбыжығына” тап болды

Екі акуланың шайқасы жұртты таң қалдырды (видео)

Археологтар 1500 жылдық «кроссовки киген» мумияны тапты

Талқылау