Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

106 жастағы әйелдің Обамамен биі әлеуметтік желілерді «жарып жіберді» (видео)

21 ақпан күні американдық азаматша Вирджиния МакЛорин АҚШ Президенті Барак Обамамен және оның зайыбы Мишельмен кездесті.

Screen-Shot-2016-02-22-at-8.33.00-AM

Сурет mashable.com сайтынан алынды

Кейуана АҚШ Президенті және оның зайыбымен кездескеніне өте қуанышты болды. YouTube-та жарияланған видеода қарт әйелдің қуаныштан Мишель Обамамен билеп жатқаны көрініп тұр.

Барак Обама мен оның зайыбы қарт әйелмен 21 ақпан күні афроамерикандықтардың АҚШ тарихына қосқан үлесін атап өту оқиғасына байланысты шарада кездесті. Кездесу кезінде кейуана АҚШ тарихындағы тұңғыш қара нәсілді президент пен оның зайыбы Мишель Обаманы көріп отырғанына бақытты екенін атап өтті.

Ақ үйдің Facebook-тағы парақшасына да салынған бұл видеоның 20 млн. жуық рет қаралғаны атап өтіледі. Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары бұл кездесуге оң көзқарасын білдірді.

Талқылау