Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

105 жастағы кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясы жыныстық қатынаста екенін айтты

Ұлыбританияда 105 жасқа толған кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясын ашты. Айтуынша, ұзақ өмірдің құпиясы жұмыс, таза ауада демалу және ер адаммен жақындықта болмауында жатыр.

105 жастағы кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясы жыныстық қатынаста екенін айтты

Қарттар үйінде 105 жасқа толған атаулы күнін аттап өтіп жатқан Бренда Осборн ұзақ өмірінің құпиясын ашты. Туған күн иесі ер адамдарға жақындамағандықтан, көп жұмыс істеп, таза ауада жиі демалғандықтан осындай нәтижеге қол жеткізгенін мойындады, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Бренда 1913 жылы Ноттингем қаласында дүниеге келген. Ол 33 жыл көлемінде мейірбике болып жұмыс істеген. Осынша уақыт ішінде ол денсаулық жағдайына байланысты бір рет қана жұмысынан қалған.

105 жастағы кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясы жыныстық қатынаста екенін айтты

Кейуана өмірінің 93 жылын ата-анасының үйінде өткізіпті. Ал қарттар үйіне былтыр ғана көшіп келген.

Бренда еңбек жолын 1940 жылы Викториядағы ауруханада бастаған. 1946 жылы ол мейірбикенің көмекшісі болып, 6 жылдан кейін аға мейірбике атанған.

105 жастағы кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясы жыныстық қатынаста екенін айтты

«Бір ғасырдан аса өмір сүрген тәтем еркін адам еді. Ол жақында қарттар үйіне көшіп келді. Енді өзінің ұзақ өмір сүруінің сыры еркектермен жаныстық қатынаста болмағанын айтып әзілдейді», – дейді кейуананың туысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау