105 жастағы британ азаматы әлемдегі ең кәрі өрмелеуші атанды

Сейсенбі, 23 Қаңтар , 2018 17:16

Ұлыбритания азаматы Джек Рейнольдс тік қабырғадан жіппен жылдам түсу бойынша әлемдегі ең қарт адам атанды.

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біз оны жасай ала ма жоқ па деп, тексеріп көргіміз келген. Ол болса мұны үш рет қайталады. Тік қабырғадан жіппен түскен ең кәрі адам шынымен де менің әкем бе жоқ па білмей тұрмын»,- деп Джек Рейнольдстің 57 жастағы қызы Джейн Гудвин таңқалысын жасырмады.

Джек Рейнольдс экстремалды спорт түрлерімен жасы 100-ге келгенде шұғылдана бастаған. Ол 2017 жылы егде жасына қарамастан Америка горкасында ұшқан жалғыз адам болып Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сонымен қатар, ол ескі бипланда ұшып және Ice Bucket Challenge байқауына қатысып мұзды суға да шомылған. Өзінің 104 жасқа келген мерейтойында Джек Рейнольдс туған күні мен «Джеко» деген жазуы бар татуировка жасатып алған.

Қызы әкесінің әр таң сайын шайына, ал кешке сусынына виски қосып ішетінін атап өтті.

«Егер үйде біреу суықтап немесе басқа жері ауырып қалатын болса, ол бізге дереу виски береді. Виски әкемнің дәрісі»,- дейді қызы Гудвин.

Жіберіп алмаңыз:

Төрт жасар темекі тартып отырған бала желі қолданушыларын шошытты (видео)

Модель Кембриджде оқу үшін пәктігін сатылымға шығарды

«Операция Ы» фильмінің жұлдызы: Басымды кесіп, қайтадан тігіп берді

Ақтөбеде тірідей жанып кеткен өзбек азаматтарының отбасына көмек көрсетілетін болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар