Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

105 жастағы әжей туған күнінде өрт сөндірушілердің келуін қалаған (фото)

105 жасқа толған британиялық әжей Ивена Смэйлз өзінің мерейтойын атап өтті. Алайда бәрі сіз ойлап отырғандай болған жоқ.

105-year-old-grandmother-birthday-wish-fireman-ivena-smailes-1

Әжей туған күнінде “татуировкасы бар өрт сөндірушілер” мерекелік тортты әкеліп сыйлауын қалаған. Және қарт кісінің арманы орындалған.

105-year-old-grandmother-birthday-wish-fireman-ivena-smailes-4

Ивена әжей Кроукрук қаласындағы ардагерлер үйінде тұрады.

105-year-old-grandmother-birthday-wish-fireman-ivena-smailes-5

Ол өз тілегін айтқанымен, арманының орындала қоятынына сенбеген.

105-year-old-grandmother-birthday-wish-fireman-ivena-smailes-7

Алайда үшінші қабат терезесінен өрт сөндірушілер кіріп, өзінің есімі жазылған торт сыйлағанда қатты қуанған.

105-year-old-grandmother-birthday-wish-fireman-ivena-smailes-2

“Оның әзілдері өте керемет. Биыл ол туған күнінде өрт сөндірушілердің келуін қалады. Ал былтыр біздің ағашқа өрмелеуімізді сұраған. Әр жыл сайын осындай қиын тапсырмалар береді”, – дейді ардагерлер үйінің қызметкері Дебра Картер.

Талқылау