Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

105 жастағы америкалық әйел ұзақ жасауының сырын айтты

Хелен Гранье есімді әйел Палм-Харбор қаласының тұрғыны.

«Мен сыра ішіп, темекі шегетінмін. Түні бойы қыдырып, ертеңіне жұмысқа кететінмін», – дейді ол.

Ол «Өз қалауыңша өмір сүр» деген қағиданы ұстанады.

Гранье құмар ойынға да қызыққанын айтты.

«Күйеуім менің құмар ойынға қызығатынымды біліп Лас-Вегасқа апармады. Ол көз жүмған соң мен Вегасқа бәрібір бардым», – дейді әжей.

Қазір әжей қарттар үйінде 9 жылдан бері тұрып келеді. Қазір 105 жасқа келгенімен, есін толық біледі, әрі денсаулығына шағымы жоқ.

Талқылау