Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

102 жастағы қария сексуалдық қылмыс жасағаны үшін тұтқындалды

Аустралияның Сидней қаласындағы қарттар үйінде 102 жастағы ер адам 92 жастағы әйелге қатысты сексуалды сипаттағы қылмыс жасады деп айыпталуда.

102 жастағы қария сексуалдық қылмыс жасағаны үшін тұтқындалды

Бұл туралы Agence France-Presse басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға түскі ас кезінде орын алған. Полициядағылар қарияның нақты қандай әрекет жасағынын айтпады. Тек оның ерсі әрекетке барғаны ғана белгілі.Аустралиялық заң бойынша, адамның келісімінсіз оның жыныс мүшесін ұстау және сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер сексуалдық қылмысқа жатқызылады. Сонымен қатар сексуалдық ләззат алу мақсатында жасалған сексуалды сипаты жоқ әрекеттер де аталған бап бойынша қарастырылады.

Қарттар үйіне келген полицейлер қарияны тұтқындады. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот отырысы 20 қарашада өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау