Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 жастағы әжей жеңіл атлетикадан әлем рекордын орнатты (фото)

Бұл таңғажайып әйелдің есімі Ида Килинг. Жуырда ғана 101 жасқа толғанына қарамастан, ол әлі жеңіл қозғалып, планетаның ең жылдам әжесі атанған.

12748865-2016-08-0482246-1470288214-650-3323c3a60a-1470315773

 

Ида адам баласы биік көрсеткішке жету үшін, бала кезінен бастап айналысудың қажеті жоқтығын дәлелдей алды. 

2016 жылдың сәуір айында ол 100 метрді 1 минут 17 секундта жүгіріп өтті. Бұл аса жылдам көрсеткіш болмағанымен, оның жасы үшін әлдеқайда керемет нәтиже. Ол өзінен 20 жас кіші адамдармен жүгіргендіктен, мәреге ең соңғы болып жеткен.

Ал 2011 жылы ол 95-99 жас аралығында рекорд орнатып, 60 метрді 29,86 секундта жүгіріп өткен болатын. 

Ол 67 жасында ұлын жоғалтқан соң өзін жұбату үшін жүгірумен айналыса бастаған. Ал бұл қадамға оны итермелеген қызы Шелли екен. Ол анасының күйзеліске түскенін көріп, тығырықтан шығарар жол іздеп спортпен айналысуды ұсынды. Сол уақыттан бері Шелли анасымен бірге бапкер есебінде жаттығады.

Ол спорттың арқасында өзін жас әрі тың сезінетінін айтады. Тиісінше бар адамға спортпен айналысуға кеңес береді.

Талқылау