Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 мың теңгеден асатын айыппұл: заңгер мүгедектерге арналған тұрақтағы белгілердің қатесін айтты

Заңгер  Жангелді  Сүлейменов  әлеуметтік желідегі парақшасына мүгедектерге арналған тұрақтардағы белгілердің қатесі жайлы жазды. Онда ол айыппұлы жаңа жылдан бастап өсетін белгіде халықты  шатастыру көп болып жатыр дейді.

жангельди

“Мүгедектер тұрағына көлігін қойған жүргізушіге 106 050 теңге айыппұл салынады. Бұл 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап. Қазіргі айыппұл 99 100 теңге. Яғни 50 АЕК. Бұл ҚР КЕ кодексінің 4 бөлім,597 тармағына сай.Тоқтау ережесін бұзған жағдайда немесе  мүгедектерге арналған тұрақты пайдаланған жағдайда елу айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.Алматының барлық тұрағында дерлік мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын бөлінген. Бірақ сол белгілердің біразы дұрыс қойылмаған”,-дейді  Сүлейменов.

111

1-ші сурет

222

2-ші сурет

333

3-ші сурет

Ол айыппұл өз алдына белгілер мен олардық қойылып жүргеніндегі қателіктерді суреттерімен көрсетіп берді

“Бірінші суреттегі белгі дұрыс. Ал екінші суреттегі белгі мүлде  жол ережесіне сай  қарастырылмаған. Осы белгі тұрған тұраққа қойсаңыз айыппұл салынбайды.Үшінші суреттегі мүлде дұрыс емес белгі.Бұл жолдың қауіптілігінен,онда баруға тыйым салынатындығы жайлы  ахбарат  беретін белгі. Мысалы  мүгедектерге арналған тұрақ белгісі қойылғаннан кейін 10 метр жер бос қалады. Кей жерлерде одан басқа орын да жоқ болуы мүмкін. Неліктен ондай орындарға  кәдімгі көлік қоюға болады деген белгі қоймасқа?”,-дейді заңгер.

“Бірінші суреттегі белгі келесі жолдың қиылысына дейінгі аумақа немесе келесі белгіге дейін жауапты болады. Оның аумағы 10 немесе 20 болмаса 50 метр болуы мүмкін. Сонда заң бойынша сол тұраққа тек мүгедектер ғана қояды деген сөз. Осы белгілерді қоятын азаматтардың өздері түсінбейді. Көпшілігі сол белгі тұрған жерге ғана мүгедектер көлігін қояды деп ойлайды. Дұрыс емес”,- деп заңгер толықтыра түседі.

Сөз соңында заңгер айыппұлдың көлемін азайтуды ұсынады. Сондай -ақ,мүгедектерге дұрыс көзқараста екенін түсіндіре кетеді. Себебі өзі де қай бір жылдары науқастанып,мүгедектік көмек ақы алып отырған екен.

Талқылау