Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 долларға Европада, ОАР-да және Азияда не сатып алуға болады (фото)

100 доллар көп те емес, аз да емес. Барлығы қай елдің, қай қаланың қымбат, арзан екендігіне байланысты. Бір елдерде 100 доллармен ұзаққа бара алмасаң, бір елдерде біразға азық болуы мүмкін.

bbf7a25becf24a86342dea523630bc61

Бұл туралы mix.tn.kz хабарлайды.

Франция (Париж)
100 доллар – 90 евро

69435a8ee1f42c3517158e522886e19b

Қала орталықтарындағы мейрамханаларда түскі ас аса қымбат емес. Бірақ жекелеген арнайы туристік орталықтарда 20-40 евроға дейін барады. Ал тек кофемен отыру 1-2 евроға түсуі мүмкін.

Үлкендер үшін Луврға саяхат жасау 15 евро, заманауи музейге бас сұғу құны 14 евро.

Таиланд
100 доллар – 3522 бат

bbf7a25becf24a86342dea523630bc61

Бұл ақшаға таза шикі материалдан жасап өндірілген жібек сатып алуға болады. Жібектен жасалған орамал мен маталардың бағасы 598 баттан басталады. Егер, жібекті достарыңыз үшін сатып алғыңыз келсе, онда бесеуден артыққа ақшаңыз жетпеуі мүмкін.

Дегенмен, 100 доллар – Таиланд үшін аз ақша емес. Бұл тіпті Пхукетке барып демалуға да жетеді. Пойызға мініп, маймылмен суретке түіп, массаж алып, маникюр жасатып, өзге де қызметтерді осы ақшаға еркін пайдалануға болады.

Багам
100 доллар – 99,8 багам доллары

9f1f60bdba4bfb0ef5d89daef5411c66

Бұл ақшаға 40 литр сүт, 80 литр бензин, McDonald’s мейрамханасынан 14 түскі ас алуға болады. Кариб аралдары үшін туристер үшін арзан болғанымен, Багамдағы кейбір заттар тым қымбат. Багам долларының айырбас құны АҚШ долларымен тең. Мұнда төрт литр сүт 10 доллар тұрады. АҚШ-қа қарағанда төрт есеге арзан. 5 багам долларына төрт литр бензин құйып алуға болады.

БАӘ (Дубай)
100 доллар – 367 дирхам

bd79f0753971865dec943b06087c696d

Levis джинсысы, Nike маркалы бір жұп кроссовка алып, жергілікті мейрамханадан кешкі ас ішуге ғана жеткілікті. Дубайда киім, көңіл көтеру біраз арзан. Levis джинсысының бір қатары 373 дирхам, жұп кроссовка – 360 дирхам, ал кешкі ас шамамен 176 дирхамға бағаланады.

Үндістан
100 доллар – 6705 рупи

7ae16b1291fe91975ecbaa4209c6fc82

Мұнда бұл ақшаға жергілікті базардан әсемдік бұйымдар, киімдер сатып алуға болады. Егер жақсы саудаласа алатын болсаңыз, атақты Мумбайдағы Кроуфорд базарына барып, белдемшелерді 536 рупиге алуға болады.

Оңтүстік Африка
100 доллар – 1524 рэнд

cb3047053a750ca4b03e15f5e29097b7

Бұл мемлекетке осыншама ақшаға театрға екі адамға билет алып баруға болады. Кешкі ас ішуге де. Жалпы, 100 доллар бұл ел үшін жақсы мүмкіндік. Кейптаун театрында екі адамға билет алу құны 122 рэнд. Әрі бұл залдың ең жақсы орыны. Мейрамхананың ең керемет нөмірінде отырып тамақ ішу 502 рэндке бағаланады.

Румыния
100 доллар – 404 румын лейі

21c39e9751089aabfbdce465057782ef

Румынияда керамикадан жасалған керемет қолөнер бұйымдары бар. Сондай өнімдердің бірнешеуін 100 долларға сатып алуға болады.

Колумбия
100 доллар – 314 831 песо

79d434093ca23841e690029fda3a7e4f

Қолдан жасалған және табиғи тері өнімдері бар. Күртеше, сөмке, басқа да керекті тауарларды жақсы бағаға алуға мүмкіндік бар. Былғарыдан жасалған әмияндардың бағасы 16 доллар. Ал ең жақсы деген мейрамханадан ауқаттану құны 23 612 песоға тең. Үйге де арнайылап құшағыңызды толтырып сыйлық алып алуға болады.

Ресей
100 доллар – 6700-6800 рубль

2359535b000be1f666dd60ebf15a78ae

Сапалы икраның бірнешеуін және 20 матрешка. Курстың төмендеуіне байланысты Ресейде де доллардың құны арта түскен. Әйтсе де қолжетімді икраны алар кезде де мұқият қарау керек. Егер, ол Камчатка немесе Сахалинде өндірілмесе, онда жалған өнім деген сөз. Ал сыйлық алуға әрине матрешкалар дұрыс. Мәскеуде олардың бағасы 300 рубль шамасында.

Өзбекстан
100 доллар – 288 000 сом

7753f2e36536091527478dcbe60d6ca7

Бұл ақшаға өзбек елінде 3-5 мың сомға таксимен жүруге болады. Театрға билет алу 10 доллар, ал музейге кіру 10-15 доллар. Ал базар бағалары 5 мың сомнан басталады.

Қырғызстан
100 доллар – 6900 сом

56130ec39d402403ac6cfe4ecb0ff2c4

Бұл ақшаға керемет тігілген қымбат көйлекке тапсырыс беруге болады. Жергілікті кафелердің бірінен бір апта бойы тамақтануға да мүмкіндік мол. Әр адам үшін орта есеппен 500-600 сом кетеді. Одан бөлек 345 тандыр нан сатып алып, 24 рет киноға барып, 690 мәрте автобусқа мінуге жетіп артылады.

Қазақстан
100 доллар – 34 200 теңге

422ea19e5a_original

Біздің елде 100 долларға 42 рет кофе ішуге болады екен. Сондай-ақ, SPA-салонға барып сауна, хамам, массаж, басқа да қызметтерді пайдалануға болады. Қырғызстаннан ерекшелігі, мұнда жергілікті дизайнерлердің көйлектері доллардан жоғары тұрады. 100 АҚШ долларына 427 нан немесе 98 литр айран сатып алуға жетеді. Бір ай бойы сырттан тамақтануға да жеткілікті. Сонымен қатар, 427 рет қоғамдық көлікке мінсеңіз де, 100 доллар жетпей қалады деп уайымдаудың қажеті жоқ.

Талқылау