Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жастағы қыз әпкесін ваннанда босандырып алды

10 жастағы қыз әпкесінің сәбиін аман алып қалды. Әпкесі жүктілігін жасырып келген.

АҚШ-та Хлои Каррион есімді бүлдіршін қыз үйінде болғанда 21 жастағы әпкесінің толғағы басталады.

Балақай нәрестенің кіндігін өзі кескен.

«Ол ауырып тұрғанын айтты. Мен анама хабарласып айтқанымда, жұмыстан соң ауруханаға апарам деді», – дейді қыз.

Алайда бойжеткеннің жүкті болғаны белгілі болды.

«Ол мені ваннаға шақырып, жүкті екенін айтты. Мен оған сенбедім», – дейді қыз.

Айтуынша, 21 жастағы әпкесі нәрестені 10 жастағы Хлоиға беріп, өзі ваннаға кіріп кетеді. Ол көп қан жоғалтқандықтан есінен танып қалған. Каррион құтқару қызметіне хабарласып, кейін анасына айтады. Анасы бұған сенбегендіктен онымен видеобайланыс арқылы сөйлеседі.

«Камерадан кішкентай баланы көрдім. Қызыммен мақтанам. Ол өте батыл. Менің өзім мұндай жағдайда қызымның істегенін жасай алмас едім», – дейді анасы.

Қыз бала YouTube желісінен қуыршақтарды қалай жуындырып, орайтынын үйренген. Нәрестеге де солай істеді. Одан бөлек диспетчердің айтуымен нәрестенің кіндігін өзі кескен.

Қазір анасы мен жаңа туған сәби емханада. Өзін жақсы сезінеді. Жас ана сәбиінің есімін қоюды Хлоиға ұсынды. Ол қыз балаға Айзек деген ат берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау